Төребек Османов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:00, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Төребек Османов [3.5.1893, бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск (Ақмешіт) уезі, Қызылқұм кенті – 4.10.1937] – қазақтан шыққан тұңғыш банк қызметкері.

Өмірбаяны

Төребек Османов 1893 жылы мамыр айында бұрынғы Сырдария губерниясы Перовск (Ақмешіт) уезінің Қызылқұм кентінде орта шаруа отбасында дүниеге келген.

Оқу жолы

Ақмешіттегі орыс-түзем мектебін (1906), Перовск қалалық училищесін (1910), Ташкент мұғалімдер семинариясын (1914) бітірген.

Жұмыс жолы

  • 19141916 жылдары Ташкент уезінде мұғалімдікпен қатар банкте несие-сақтық серіктестігінің есепшісі.
  • 19161918 жылдары Мемлекеттік банктің Ташкенттегі кеңсесінде ұсақ несие инспекциясының іс жүргізушісі қызметтерін атқарған.
  • 1920 жылдың басынан «Түрхалұлткомқаржыда» ұсақ несие нұсқаушысы, Ақмешіттегі жұмысшылар кооперативінің төрағасы.
  • 19201921 жылдары Еңбек халық комиссариаты жанындағы азық-түлік комиссары.
  • 19211922 жылдары тұтынушылар кооперациясының әрі Қызылорда қалалық «Қосшы» одағының төрағасы.
  • 19221925 жылдары Ташкент өлкелік тұтынушылар одағының, Бүкіл қазақтық ауыл шаруашылық одағы басқармасының (әуелі «Қамқор», кейіннен «Қазауыл» одағы) төрағасы.
  • 19251927 жылдары КСРО Өнеркәсіптік банкі Қазақ бөлімшесінің басқарушысы.
  • 19271928 жылдары КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі басқарушысының орынбасары.
  • 19281930 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық банкі басқармасының төрағасы, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық кооперативтік ұжымшарлық банкі Қазақ республикасы кеңсесінің басқарушысы.
  • 19301937 жылдары КСРО Мемлекеттік банкі Қазақ республикасы кеңсесі басқарушысының орынбасары, Мемлекеттік банктің Батыс Қазақстан облысы бөлімшесінің басқарушысы болды.
  • 1926 жылдан Бүкілодақтық Халық шаруашылық кеңсесі төралқасының мүшесі болған.

Османов Қазақстанда банк, қаржы-несие ісін дамытуға, банк кадрларын даярлауға белсене атсалысты. Оның бастамасымен Алматыда банк ісі бойынша оқу комбинаты ашылды, осы комбинаттың негізінде 1931 жылы Алматы есеп-несие техникумы құрылды.

Отбасы

Жұбайы — Османова Фатима (1906 жылы туған). Балалары: ажасы — Айткуль, орташасы — Лаура, кішісі - Зарима. Ағасы Мулдабек (1901 жылы туған), барлаушы-бақылаушы, 1943 жылы фронтта қайтыс болған, Украинаның Сумск облысында жерленген.

Айып және ату жазасы

1937 жылы жалған жаламен айыпталып, 4 қазан айында ату жазасына кесілді.

Отбасына қарсы қуғын-сүргін

Төребек Османовтың әйелі Фатима кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 9 жыл айдауды бастан кешті. Кіші қызы Зариманы Алматы қаласында нәресте үйіне, ал Айткүл мен Лаураны Алтай аймағының Солонешенск ауданындағы детдомға жіберілді. Кейін қыздары туған-туысқандарымен бірге тұрды.

Ақталуы

1958 жылы Төребек Османов және оның отбасы ақталды. Бірақ айып кезінде алынған дүние-мүліктері қайтарылбай, әйелі тек күйеуінің екі - айлық жалақысын алып отырды.

Османов атында

Қызылорда қаласында тұңғыш қазақ банкирі атында көше аталған.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төребек Османов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}