Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай (1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1976 жылдан). Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті.
Жалпы мәліметтер
Әкесі - Аралбай Мұхамеджан, марқұм, теміржолшы болған. Анасы - Аралбаева Бәтіш, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
- 1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері.
- 1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері.
- 1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
- «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған.
- Рөжиссерлік-қойылымдық жұмыстары: Ы. Сапарбайдың «Сыған серенадасы», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Ә. Әмзеұлының «Қара кемпірі», В. Смеховтың «Али-Баба және 40 қарақшысы». «Абылай хан» (Бұхар жырау), «Мөлдір махаббат» (Жақыпбек), «Гамлет» (Клавдий), «Өмірзая» (Ес), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Едігей), «Мен ішпеген у бар ма?» (Абай), «Ай тұтылған түні» (Дәруіш), «Үміт үзгім келмейді» (Мейірбек), «Сағыныш пен елес» (Хайретдин) спектакльдерінде ойнаған.
Марапаттары
- 1995 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған.
- 1998 жылы «Астана медалі»;
- 2006 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті. (ғылыми атағы);
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі.
Жеке қасиеттері
Діни көзқарасы - «Жан дүниесімен құдайға сенуші». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақтылық, экономикалық өркендеу, мәдени мұраларды жаңғырту». Хоббиі - автокөлік. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев, Ш. Айтматов, М.А. Булгаков, А.П. Чехов, Н.В. Гоголь, А.С. Пушкин.
Жеке өмірі
Үйленген. Жұбайы - Аралбаева Гүлмарам Аптыбайқызы (1955 жылы туған), дәрігер, педиатрия жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.
- Қыздары - Әсел (1981 жылы туған), әкімшілік соттың бас маманы; Салтанат (1991 жылы туған).
- Немерелері - Ақбаян (2002 жылы туған), Айтбай (2003 жылы туған), Әмина (2006 жылы туған), Ратмир (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub