Төбені меңгерілуіне және орнықтылығына қарай классификациялау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:03, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Төбені меңгерілуіне және орнықтылығына қарай классификациялау — төбе жыныстарын олардың құрылымдық құрылысына, қопарылғыштығына және бір бағыттық қысымға төзімділік шегіне қарай топтау. Төбе жынысы меңгерілуіне қарай үш классқа бөлінеді:

  1. — жеңіл меңгерілетін, мұнда көмір қабатының үстінде жеңіл қопарылатын жыныстар жатып, олардың қалыңдығы көмір қабаты қалыңдығынан 6—8 еседен астам болады, ал олардың үстінде аса қопарылмайтын жыныстар орналасады;
  2. — орташа меңгерілетін, мұнда тікелей көмір қабатының үстінде оның қалыңдығынан 3—6 есе қалыңдығы бар жеңіл қопарылатын жыныстар орналасып, ал оның үстінде аса қопарылмайтын жыныстар жатады;
  3. — қиын меңгерілетін, бұл жағдайда көмір қабатының жатыc бұрышы 35° дейін болып, жер асты көмір қазу жұмысы кешенді жабдықтармен тау-геологиялық жағдайдың классификациясына сай жүргізілуі тиіс. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>