Тәкен Сал Байғұттыұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тәкен Сал Байғұттыұлы (1860, Қордай ауданы Сұлутөр өңірі – 1908, Қордай ауданы Сұлутөр) – белгілі ақын, сазгер, әнші.


Арғы бабасы Жылқайдар – қалмақ жаугершілігі тұсында асқан ерлік көрсеткен айтулы батыр, ұрпақтар ұғымында киелі жан саналып, артында мол аңыз қалған. Жылқайдардың екі немересі Мүлкаман мен Қонай да – ата жолын қуған батырлар. Баршаға аты мәлім Қордай батыр Мұлқаманның ұрпағы. Тәкен сал да осы әулеттен өрбіген.

Әлмен ақын: Үлгі:Дәйексөз – деп кемсіткенімен Тәкеннің әкесі Байғұтты әжептәуір ауқатты кісі болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда, Тәкен сал бөгде жұртты аралағанда Көкала атын бір құлаш жібек матамен тұсап әкелгенде, әлгі матаны сұрамайды екен.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> Тәкен сал жүйрік баптап, бәйгеге қосуға құмар болған. Жетісу көлеміндегі ас пен тойдан қалып көрмеген. Кезінде оның Көкала сәйгүлігінің даңқы өз атағынан кем тарамаған.

Шығармашылығы

Тәкен салдың мұрасы бізге түгел жетпеген. Көп айтыстарынан жазылып қалғаны – Әлмен қызбен айтысы.

  • «Қоянды, Желсаз жайлауы-ай»
  • «Жүрдім ойлай»
  • «Ой жайлау» секілді Тәкен сал әндері халық арасында кең тараған. Тәкен салдың Шалтан, Нәрметқұл деген ұлдарынан тараған ұрпақ Сұлутөр өңірінде тұрады. <ref>Айтыс, 1 т., А., 1988;</ref> <ref>Ысқақбай М., Шығарма шырайы – шындық, А., 1994.</ref> <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}