Тұрлықан Қасенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қазақтың әйгілі балуаны, өлеңнің, Еуропаның чемпионы, екі мәрте әлем кубогының иегері, бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте чемпионы Дәулет Тұрлықановтың атасы Қажымұқан, М.Әуезовтермен таныс болған Тұрлықан Қасенұлы Қазақстан Жазушылар Одағынын Шығыс облыстарындағы бөлімшесін басқарған көзі ашық, зиялы азаматы еді. Оның Жазушылар Одағына қабылдануы туралы 1934 жылғы шілде айындағы «Қазақ әдебиеті» газетінде жазылған. Тұрлықан «Еңбек» журналының бас редакторы, ақын, балуан, ұстаз болған кісі. Ақын - қызыл империяның қанды шеңгеліне Сәкен, Ілияс, Бейімбеттермен қатар ілініп арманда кеткен азамат. Архив деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлының сол кездегі ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан.

Қызметтері

Семейде «Еңбек» жинағын шығаруға ұйтқы болған Тұрлықан бір жағынан ұжымшар жастар мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Оның шәкірті белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мүхамедханұлы ұстазы туралы: «Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап, ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап, атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, «Сөздің асылы-өлең» дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым- Тұрлықан Қасенұлы болды,-деп еске алады.

Өмірінің соңғы сәттері

Тұрлықан ақын кеңес идеологиясының қыспағында бар қабіле-қарымын таныта алған жоқ. Қасен қажының ұлы, «байдың бал асы» деген сөзден құтыла алмады. Амалсыздан саясаттың ығына жығылып, партияға өтті. Үш рет ұсталып, үш рет партиядан аластатылды. Ақыры 1937 жылы 27 желтоқсанда темір торға қамалды. Отыз жетіде торға түскен Т.Қасенүлы 1942 жылы Төменгі Тагильде бұл жалғанмен қош айтысты.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА