Түркістан Ұлттық Комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:12, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түркiстан Ұлттық КомитеттiГермания үкіметінің ұйымдастыруымен 1942 ж. құрылған ұйым. Оған Түркістан легионын құру, Түркістан өлкесінде кеңестік билікке қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізу міндеті жүктелді. Германияның Шығыс істері жөніндегі мин-нің ұсынысымен Түркiстан Ұлттық Комитеттiнің президенті болып өзбекстандық эмигрант Вели (Уәли) Каюм тағайындалды. Ол осы мин-тің және рейх әскери құрылымдарының ерекше қамқорлығында болды. Түркiстан Ұлттық Комитеттi 21 адамнан тұрды. Германия үкіметі осы ұйымды құру арқылы КСРО-дағы түркі-мұсылман халықтарының большевиктік үстемдікке қарсы екендіктерін насихаттауға тырысты. Бұл ұйым Түркістан үкіметінің бастапқы үлгісі іспеттес етіліп құрылды.
Оған болашақта неміс әскерлерінің күшімен “азат етілуі тиіс” Түркістан өлкесінің басқару механизмін жасау міндеті де тапсырылды. Соған орай оның әскери, ғыл., тәрбие, әдеби, баспа, ақпарат, мед., соғыс тұтқындарына қызмет көрсету секілді бөлімдері ашылды. Оның “Милли Түркістан” атты мерзімді баспасөзі болды. Түркiстан Ұлттық Комитеттiнің президенті Каюм эмиграциядағы және тұтқынға түскен түркістандықтар арасында өзінің жеке басының мүддесін жоғары қойды. Соған орай бұл ұйым мүшелері арасында ауызбіршілік орныға алмады. Бұл өз кезегінде Түркiстан Ұлттық Комитеттiне кірген қазақ пен қырғыз өкілдерінің Каюм басқарған ұйымнан шығуына деген талпынушылығын арттырды. Германия үкіметі Түркiстан Ұлттық Комитеттiнің қызметін өз бақылауында ұстау үшін Арбайтсгемайншафт ин-тын құрды. Бұл мекеме ұйымның алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылуын қадағалап, ұйымға өзіндік нұсқаулар беріп отырды. Түркiстан Ұлттық Комитеттiнің президенті Каюм 1944 ж. 13 қазанда рейхфюрер Генрих Гиммлерге мәлімдеме түсіріп, онда ген. А.Власов басқаратын Орыс азат ету армиясы КСРО-дағы түркі-мұсылман халықтарының мүддесін неміс жерінде қорғай алмайтындығын хабарлады. Түркiстан Ұлттық Комитеттi екінші дүниежүзілік соғыста Германия жеңіліс тапқаннан кейін өз қызметін доғарды. Бұл ұйым түркістан халқының мүддесін қорғау бағытында елеулі іс-шара атқара алмады. <ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}