Түркістан қалалық театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түркістан қалалық театры мәдени-сахналық мекеме. Қ.Иасауи атындағы қазақ-түрік университетінің жанынан ашылған өнер бөлімі ретінде ұйымдасып, кейін Түркістан қалалық театры болып 2000 ж. 9 наурызда ашылды. Театр ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі - Қазақстанның халық артисі Р.Сейтметов. Ұжым кұрамында жас актерлер: Ғ.Қалыбаев, М.Оразметов, Н.Төлендиев. А.Тоққұлиева, Р.Бақтыбаев, Ү.Әмірова, М.Айтжанов, А.Наурызбаев, Қ.Садақбеков, Ж.Жүнісовалар бар. Театр репертуарында М.Әуезовтің "Айман - Шолпан", С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншек", М.Баджиевтің "Қалыидык пен күйеу", С.Ахмадтың "Келіндер көтерілісі", Б.Мұқайдың "Тоят түні", Б.Вахапзаденің (ауд. С.Тоқбалаева) "Елді арандатқан қылыш", С.Токбалаеваның "Жан-талас", С.Қасымбектің "Иасауи қасіреті", Ж.Әлжановтың "Абақты ғұмыр", т.б. Театр гастрольдік сапармен Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Түркияда болып, өнер көрсетті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}