Түркия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:56, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекет

Түркия, Түркия Республикасы (Үлгі:Lang-tr) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас.

Географиясы

Сурет:Tuerkei topo.jpg
Түркия ғарыштан көрінісі
Сурет:Kld 00.jpg
Тавр таулары

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Боспор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Боспор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан.

Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.

Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.

Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.

Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.

Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Пайдалы қазбалары

Түркия жерінде 100 түрлері пайдалы қазбалар кездеседі. Олар: хром, мұнай, тас көмірі және т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кен көп. Тұз көлінде көп тұз кендер бар.

Климаты

Түркия — тау елі, сондықтан осы жерде Континентік климат болып тұр. Орталық елдін жерде климаты шұғыл-континенттік. Қыста суық болады, ал жазда ыстық. Тек-ғана теңіз жанында климат Субтропикалық болады. Жерортамен Эгей теңізде ауа райы өте ыстық болады. Осы жерде Жерорта климат болып тұр. Жаздын орташа температурасы + 29-31 С° құрайды. Қыста жауын-шашын көп жауады. Ауа температурасы +15 С° құрйды. Ашық күн болмайды. Ауасы салқын болу-мүмкін. Қар өте сирек жауады. Жерорта теңіздің орташа температурасы +18 С°. Эгей теңізде ауа-райы салқын тек-ғана қыс айларында болады. Жазда өте ыстық. Орташа Ылғалдырық 60% жетеді. Қара теңізде климаты қоныржай-теңіздік. Мұнда көп жаын-шашын болады. Жазда ашық күн көп болады, ал қыста жиі-жиі жауын-шашын жауады. Оңтүстiк-шығыста Тропикалық климаты тұр. Мұнда жауын-шашын өте аз болады және жыл бойы ыстық болу-мүмкін.

Ішкі сулары

Түркияның жер бедерінің әр түрлі блуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді.

Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Өзендері

Түркия аумағында ірілі-ұсақты көп өзен бар. Олардың ішінде 1 өзен (Қызылырмақұзындығы 1000 км-ден асады. Басқа өзендер: Ефрат, Сакария, Мұрат, Қарасу, Тигр).

Республиканың барлық өзендері Қара теңізге және Эгей теңізге құяды.

Көл мен бөгендері

Түркияда аз және айдын шалқар көлдер және бөгеттердiң жиыны бар болады. Елдiң 11% аумақтары Көл және батпақтарда орналасады. Бұл көлдердiң көпшiлiгi Мәрмәр және Жерорта теңiздер, Орталық және Шығыс Анатолийына өлкелердегi жұмылдырған. Өзi елдiң iрi Көлдерi - бұл Эрчек, Чылдыр және хазар 451 Көл мi шақырым 3173 шаршы аудан Шығыс Анатолийына Ван көлі тереңдiк Түркия өлкесi өзi бай Көлдерде орналастырған - Шығыс Анатолийына. Ауданның негiзгi суаттары Бейшехир, Эгирдир бұл тұщы Көлдер Көл аудандарымен деп атайтын Батыс Мұз құрсау, сонымен бiрге Аджигёль және Бурдурдiң соры. Сапанджа, Изник, Улубат, Маньяс, Теркос, Кючюкчекмедже және Бююкчекмедже Көлдер Мәрмәр теңiзiнiң өлкесiнде орналастырған. Орталық Көл Анатолийына майда және өте тұзды. Түркия Көл екiншi мәнменiне - шақырым 1500 шаршыға тұз, алылатын аудан Көл, Акшехир және эбердi Көлдерде осы жерде болады.

Өсімдіктері мен жануарлары

Түркияда 6 700 түрлері өсімдіктер бар. Үштен екі түрлері тек-ғана осы жерде өседі. Қара теңіз жағасында қалың орман өсіп тұр. Осы жерде Армян емен, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерорта қарағайлар өседі. Ал грек жанғақ, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізде көп мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр. Ел ортада құрғақшылыққа төзімді бұта мен ағаштар бар.

Елде көп тұрлері жануарлар көп. Тау орманда марал, кербұғы, елік, жабайы шошқа, қабылан мен аюлар кездеседі. Далада бауырымен жорғалаушылар бар.

Тарихы

Сурет:Troy1.jpg
Аңызға айналған Троя қабырғалар

XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді. Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.

Бірақ та Ирак, Иран, Сүрия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжұқ империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрынғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.

Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.

Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды.

Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) елордасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды.

Түркияның әкімшілік бөлінуі

Аудандар:

Ірі қалалар

Орыны Қала 1990 2000 2007 2008 2009 Провинция
1 Ыстамбұл 6 629 431 8 803 468 10 861 463 10 878 360 10 895 257 Ыстамбұл (ил)
2 Анкара 2 583 963 3 203 362 3 842 737 3 894 182 3 945 627 Анкара (ил)
3 Измир 1 758 780 2 232 265 2 644 531 2 672 126 2 699 721 Измир (ил)
4 Бурса 834 576 1 194 687 1 537 040 1 589 530 1 642 020 Бурса (ил)
5 Адана 916 150 1 130 710 1 506 272 1 517 787 1 529 302 Адана (ил)
6 Газиантеп 603 434 853 513 1 192 023 1 235 815 1 279 607 Газиантеп (ил)
7 Конья 513 346 742 690 973 791 980 973 988 155 Конья (ил)
8 Анталья 378 208 603 190 877 945 911 497 945 049 Анталья (ил)
9 Кайсери 425 776 536 392 775 594 781 119 786 644 Кайсери (ил)
10 Мерсин 481 459 633 691 692 300 696 518 700 736 Мерсин (ил)
11 Эскишехир 413 082 482 793 581 408 599 796 618 184 Эскишехир (ил)
12 Диярбакыр 373 810 545 963 613 332 613 821 614 310 Диярбакыр (ил)
13 Денизли 237 918 357 557 465 947 479 381 492 815 Денизли (ил)
14 Шанлыурфа 276 528 385 588 472 238 468 993 465 748 Шанлыурфа (ил)
15 Самсун 322 982 388 509 459 781 461 640 463 499 Самсун (ил)
16 Эсеньюрт 70 280 148 981 335 316 373 017 410 718 Стамбул (ил)
17 Малатья 270 412 381 081 419 212 411 181 403 150 Малатья (ил)
18 Адапазары 272 039 283 752 382 226 390 624 399 022 Сакарья (ил)
19 Кахраманмараш 228 129 326 198 380 805 385 672 390 539 Кахраманмараш (ил)
20 Эрзерум 242 391 361 235 361 160 359 752 358 344 Эрзурум (ил)
21 Ван 155 623 284 464 331 986 342 139 352 292 Ван (ил)
22 Элязыг 204 603 266 495 319 381 312 584 305 787 Элязыг (ил)
23 Батман 147 347 246 678 293 024 298 342 303 660 Батман (ил)
24 Султанбейли 82 298 175 700 272 758 282 026 291 294 Стамбул (ил)
25 Измит 190 741 195 699 285 470 287 970 290 470 Коджаэли (ил)
26 Сивас 223 115 251 776 294 402 288 693 282 984 Сивас (ил)
27 Гебзе 159 116 253 487 270 614 274 271 277 928 Коджаэли (ил)
28 Маниса 158 928 214 949 281 890 278 967 276 044 Маниса (ил)
29 Балыкесир 170 589 215 436 241 404 247 072 252 740 Балыкесир (ил)
30 Санджактепе 46 013 144 351 223 755 227 602 231 449 Стамбул (ил)
31 Тарсус 187 508 216 382 229 921 228 471 227 021 Мерсин (ил)
32 Трабзон 161 886 214 949 230 693 220 860 211 027 Трабзон (ил)
33 Чорум 116 810 161 321 202 322 206 572 210 822 Чорум (ил)
34 Чорлу 74 681 141 525 190 792 200 577 210 362 Текирдаг (ил)
35 Каяпынар 10 958 68 150 166 905 185 626 204 347 Диярбакыр (ил)
36 Османие 122 307 173 977 180 477 189 112 197 747 Османие (ил)
37 Адыяман 100 045 178 538 191 627 193 250 194 873 Адыяман (ил)
38 Кютахья 130 944 166 665 212 934 202 118 191 302 Кютахья (ил)
39 Кырыккале 185 431 205 078 193 526 192 341 191 156 Кырыккале (ил)
40 Антакья 123 871 144 910 186 243 188 310 190 377 Хатай
41 Бейликдюзю 15 202 97 985 186 789 185 633 184 477 Стамбул (ил)
42 Бююкчекмедже 54 475 97 615 144 666 163 140 181 614 Стамбул (ил)
43 Искендерун 154 807 159 149 177 294 176 374 175 454 Хатай
44 Айдын 107 011 143 267 168 216 171 242 174 268 Айдын (ил)
45 Ұшак 105 270 137 001 172 709 173 053 173 397 Ушак (ил)
46 Арнавуткёй 42 749 98 930 141 143 156 333 171 523 Стамбул (ил)
47 Ақсарай 90 698 129 949 153 570 161 323 169 076 Аксарай (ил)
48 Испарта 112 117 148 496 184 735 175 815 166 895 Испарта (ил)
49 Афьон 95 643 128 516 159 967 163 207 166 447 Афьонкарахисар (ил)
50 Инегёль 73 258 119 710 154 698 158 575 162 452 Бурса (ил)

Туризм

Түркияда туристік сервис өте жақсы дамыған. Елде көп теңіздік курорттар мен көз тартарлықтай орын бар. Ең әйгілі орындар. Олар:

және т.б

Суреттер

Қызықты мәліметтер

  • Түркияның бастамасымен ЮНЕСКО Әлем Мәдени мұрасы тізіміне 1982 жылдан бері Ыстамбұлдың тарихи жерлері, Сафранболу қаласы, Хаттушаш Хэт астанасы, Немрут тауы, Ксантос Летон, Дивриги Ұлы мешіті мен емханасы, Троя ежелгі қаласы, Памуккале Хиераполис, Гөреме Ұлттық саябағы мен Каппадокия алынған болатын.<ref name="test">Қайнар көз</ref>

<references /> Ыстамбұл - бұл екі құрлықтың, Еуропа мен Азияның арасында орналасқан жалғыз қала. Мыңдаған жылдар бойы Ыстамбұл тарихтағы үш империяның астанасы болды. Олар: Рим, Византия және Осман империялары. Көптеген археологтар мен библеистер Нұх пайғамбардың кемесi Шығыс Түркиядағы Арарат тауында қалған деп есептейді. Әлемдегі барлық орман жаңғағының 70%-ын Түркия өндіреді. Хазіреті Мария өмірінің соңғы жылдарын Түркияда өткізді.<ref name="test">Қайнар көз</ref> <references />

Үлгі:ТҮРКСОЙ Үлгі:Түркі кеңесі Үлгі:Үлкен жиырмалық Үлгі:Ислам Әріптестік Ұйымы Үлгі:Азия Үлгі:Еуропа елдері Үлгі:WTO Үлгі:Қара теңіз Үлгі:Жерорта теңізі