Тінібай Кәукенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тiнiбай Кәукенов, ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстанда товар-ақша қатынасы дамып, қанат жая бастаған кезеңде Семей өңiрiнде, қазақ арасында алғаш саудамен айналысып, 2-шi гильдi көпес атағын алған iрi саудагер, бай. Руы- уақ, Көкен болысының старшинасы. Сонымен бiрге Семей көпестері қоғамына мүшелікке қабылданып, мещанин атанған қазақ.

Ол уақытта мещандардың отбасы мүшелері де түгелдей осы атаққа ие болған. Мұндай атақ патшалық Ресейде 1785 жылдан ресми түрде қолданыла бастаған. Мещандар құрамын әлеуметтік тап ретінде ұсақ буржуазия өкілдері құраған. Олар көпестер қауымдастығына мүшелік жарна, ал қала бюджетіне алым-салықтар төлеп тұрған. Сондай-ақ мүдделері заң жүзінде қорғалып, мещан екендіктерін айғақтайтын арнайы төлқұжаттар берілген. Және де бұл мещандық атақ әкеден балаға мұрагерлікке қалдырылған. 1897 жылғы Ресейдегі халық санағы бойынша мещандар саны 13386,4 мыңға жетіп, ең ықпалды әлеуметтік топ болып саналған. Тiнiбай Семей өңiрiнен Меккеге барып қайтқан алғашқы қажылардың бiрi. Оның қажы екенi 1888 жылы жазылған Семейдегi N7 жамиғи мешiттiң имам-хатибi Ахметуәли Мунасыповтың қолжазбасында айтылады.<ref>«Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясы, «Фолиант» баспасы, Астана,2-ші том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер