Тілеуберді Қоңырауұлы Рысымбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тілеуберді Қоңырауұлы Рысымбетов (1939 жылдары туған, Сарыағаш ауданы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1991), профессор, Экология академиясының академигі. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1962). 1962 – 64 жылдары Оңтүстік Қазақстан мал шаруашылық бөлімінің тәжірибелік станциясында кіші ғылым қызметкер. 1964 – 69 жылдары Алматы зоотехникалық -малдәрігерлік институтында аспирант, оқытушы. 1969 жылдан ғылыми қызметтерде болып, кейіннен қаракөл ғылым-өндірістік бірлестігі бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. Оның «Сасырдың химиялық құрамы, қоректілігі, қыр шөбінен пішендеме жасау технологиясы» атты еңбегін ғылыми конференция өте жоғары бағалады. Рысымбетов Одақта қаракөл қойын азықтандырудың теориялық және практикалық негіздерін қалаушы. Практикалық зор мәні бар, ғылыми еңбектері Қазақстанда 600 мың бас қаракөл қойын жайып-бағу технологиясының жаңа жобаларын жасауға пайдаланылды. Оның еңбектерінің желісімен ғылым-насихат кинофильмдері түсірілді. Самарқанд және Будапешт қалаларында өткен ІІІ және VІ Халықараралық қаракөл шаруашылығы симпозиумдарының дипломанты.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тілеуберді Қоңырауұлы Рысымбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}