Тыйым заңдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тексерілмеген мақала Тыйым заңдары - халықпен бірге ежелден келе жатқан тыйым заңдары. Ол жасқа да, кәріге де ортақ. Адам аралық қарым-қатынастан, табиғат пен оның тылсым құпияларының сырына үңілуден туған бұл шектеу – далалықтардың ұлы мәдениетінің бір көрінісі. Бұл – әдеп, иба, тәртіп.

Мысалдар

Сол тыйым заңдары мыналар: жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме – бұл құрмет; бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама – қонған бақтан айырыласың; ошаққа су құйма – өз отыңды өзің өшіресің; бос бесікті тербетпе – ұрпақсыз қаласың; малды басқа ұрма, теппе – ырысыңнан айырыласың; кешқұрым ұйықтама – жын-пері көшетін кез; нанды баспа – киесі ұрады; айға қолыңды шошайтпа – қасиетті; қолыңды төбеңе қойма – дүниеден безіну; табаныңды тартпа – бейнет шақыру; жерді таянба – торығу; босағаны керме – жазаланудың белгісі; табалдырықта тұрма – суыт хабар жеткізгеннің белгісі. <ref>«Айналайындарым менің...»кітабы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер