Трактат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Трактат - Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бір де бір шығармасы өзінің көзі тірісінде баспа бетінде жарық көрмегені белгілі. Тек ақын дүниеден қайтқан соң бес жылдан кейін ғана, 1909 жылы Петербургте оның өлеңдер жинағы баспадан шықты. Ал, «Ғақлия» немесе «Қарасөздері» деп аталатын ерекше әдеби жанрда жазылған прозалық шығармалары тек біздің уақытымызда ғана жарияланды. Бірақ, соған қарамастан, Абайдың өлеңдері мен қарасөздері ақын елінде қолжазба түрінде халық арасына кең тараған. Оның өлеңдерін ел адамдары қолдан қолға көшіріп, бірінен-бірі жаттапалып, әнге қосып айтып жүрді, ал прозалық шығармалары қолжазба түрінде тарады, оларды енерпаз-әңгімешілер нәшіне келтіріп, көпшілік алдында орындап та жүрді, «Ғақлиялардың» немесе Қарасөздердің Абай Құнанбаев шығармашылығында алатын орны қандай? Бүл мәселе төңірегінде Мұхтар Әуезов: «Уағыздардың»жанрын тап басып айту қиын. Ақын қарасөздерінде өзінің моральдық-филосфиялық, қоғамдық-публицистік, еш керелеуші-әжуалық ащы сынға толы ой-толғауларын ортаға салған. Тұтас алғанда өз оқырмандарымен бірде сыпайы, бірде зілді мысқылға құрылған, бірде мұңға толы бұл «Сөздер» ең алдымен ерекше ұқыпты екшелген стильдік көркемдігімен көңіл аударады», - деп жазды. Мұхтар Әуезов Абайдың уағыздары, ақынның өмірдің ең өзекті мәселелеріне арналған осынау филосфиялық толғанысқа толы қырық бес Сөзі қандай мақсатпен жазылғанын жақсы түсінген. Ақынның көзбе-көз отырып, ауызекі әңгіме түрінде айтқан әңгіме-толғаныстарының негізгі тыңдаушылары кебіне аға ұрпақтың өкілдері екенін езі де білген. Сондықтан да ез тыңдаушыларының ойлау қабілетінің деңгейін, әлемді түйсіну ерекшеліктерін ескеріп, оларға айтпақ әңгіме-уағыздарын өзгеше, соларға түсінікті тілмен жазған, бұл әңгімелері қанатты сөздерге, халықтың мақал-мәтелдеріне толы... <poem> «Абай езінің әңгімелесіп отырған тыңдаушыларына арнаған прозалық шығармаларында «ызалы сотқа» немесе «халық қамын ойлаған жоқтаушыға» айналады, ал мұндай жағдайда оның «Сөздері» қараңғы қапас билеген сүреңсіз ғасырда жалғыздыққа мойын ұсынған адамның қасіретке толы есиетіне айналады», </poem> - деп Мұхтар Әуезов ете орынды атап көрсетеді. Ол «ызалы сот» ретінде қоғамдағы әлеуметтік мерездерді, әділетсіздік пен жауыздықты барынша әшкерелейді де, «халық жоқтаушысы» ретінде халықты осыншалықты мүшкіл халге әкеп жеткізген кертартпалық пен надандыққа, алауыздық пен берекесіз тартысқа қынжылыс білдіреді. Өз шығармаларында халыққа кеселін тигізіп, прогресс пен білімге кедергі жасап отырған нәрсенің бәрін өткір сынға алып, өлтіре әшкерелеген Абай жұртына айтатын әлгі әңгіме-уағыздарының қуатына да кеп сенім артқан. Бірақ, сол кездегі өмір шындығы ақын жүрегіне қайта-қайта айықпас жарақат салып, алдындағы күнге жылт еткен үміт қалдырмады. Абайдың филосфиялық-поэтикалық сездері оның ағартушылық қоғамдық мұраты жолындағы күресінің өзіндік бір түрі болып табылады. «Ғақлиялар» жазылған 19 ғасырдың тоқсаныншы жылдары бұл кезде егде тартып қалған ақынның бүкіл шығармашылық жолындағы ең жемісті сәті еді. Ақын «Ғақлияларының» Бірінші сөзінде: «Бүл жасқа келгенше жақсы еткіздік пе, жаман еткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді ел ортасы жасқа келдік; қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын кердік, бәрі қоршылық екенін білдік», -деп жазады. Сейтіп, емірбойғы арпалыстың бәрі адамды қорлау ғана екенін тұсінген ақын енді езіне: мүмкін «ел басқарармын»,«ғылым бағармын», «Софылық құрып, дін бағу» қалды ма, әлде «балаларды бағу» керек пе деген сұрақ қояды. Бірақ, бүлардың барлығын да орындауға болмайтын, мүмкін емес тіршілік деп табады. «Ақыры ойладым, - деп жазады ол, - осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын». Абай езінің көкірегіне ұялаған ойларын, ақын даусына немқұрайлы қараған замандастарына деген өкініші мен орындалмаған арман-мақсатын білдірген барлық қырық бес «Сөз»-әңгімесін тоғыз жылдың ішінде жазып шықты. Абайдың бұл прозалық «Сездерінің» мазмұнына назар аударсақ, олардың осы жылдарда ақын қаламынан туған үлкен елеңдер топтамасымен үндес екенін аңғару қиын емес. Бүл жерде әділдігін айтуымыз керек, ақын елеңдеріндегі сыншылдық сарын оның қара сезбен жазылған «Ғақлияларындағы» сын-сықақтан әлдеқайда өткір. «Ғақлиялардағы» ақын даусының мұндай сәл биязылығы бүл әңгімелерді Абайдың аға буын өкілдеріне, сондай-ақ, ең жақын пікірлестерім мен ізбасарларым деп есептеген адамдарға арналғандығынан болса керек. Шамасы, сондықтан да ақын ез көңілін бөлген ойларын солардың ортасына салған, ал елеңдерінде ол жауыздық біткенді әшкерелеуді мақсат еткен. Абай прозалық уағыз сездерінің көпшілігінде, өлеңдерінде езі сомдаған күрделі поэтик. бейнелерді ернектейтін терең философиялық ойларын неғұрлым ұғымды тілмен түсіндіріп, талдап таратып беретін сияқты... Абай «Сездерінің» негізгі тақырыптарының бірі - қоғамдық құрылыс пен әкімшілік билік мәселесі... Абай өмір сүріп, ақындық құрған 19 ғасырдың 2- жартысында қазақ даласының барлық жерлерінде үш жылға сайланатын болыстық басқарма институты енгізілгені белгілі. Абай елеңдеріндегі сияқты кептеген әңгіме-уағыздарында халық мойнында отырған арамтамақ болыс басшылары мен билерді қатты шенейді. «Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы керіп, кімді қадірлейін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, ез басының, ез малының еркі езінде болмас па еді... Кей бай езі біреумен кұш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалақтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр». «Болыс пен биді құрметтейін десең, құдай берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ», - деп жазады Абай Жиырма екінші сөзінде. Абай «өкімет басында отырғандарға» бас имек түгілі, олардың залымдықтары мен өтірік, өсекті өршіткен қулық-сұмдықтарын, ел ішінде пара, ұрлық-қарлық, жағымпаздық пен жарамсақтық ертін лаулатып, дау-жанжал, ұрыс-керісті құйындатып құтырта түскен жауыздықтарын өлтіре әшкереледі... Халықтың білімі мен мәдениетін көтеру, жас ұрпақ тәрбиесі мәселесі ақын шығармаларының ең өзекті тақырыбы. Оның қай шығармасын алсаңыз да қазақ халқының экономика өмірдегі мешеулігі, білім, ғылым мен мәдениет жағынан артта қалғаны сез болады. Ақын осының бәріне «қолына билік ұстап отырғандар» кінәлі деп есептейді. Олар: патша әкімдері, болыс басшылары, байлар менбилер, ең ақырыңца, соларға бас шүлғи беретін топас, надан, жігерсіз, талапсыз адамдар. Халықты қараңғы қапаста ұстап, прогресс пен білімге жол ашпай, кедергі жасап отырған билеуші топты өткір сынға алған Абай қазақтарды басқа халықтардың қатарына жеткізу үшін ғылым мен мәдениет әкелу қажеттігін қайта-қайта айтады. Абай білім мен ғылымды ең бірінші орынға қояды. Ол мүмкіншіліктері бола тұра балаларын оқуға бермей, берсе де пайдалы оқуды оқытпай, байлықтарын босқа шашып жүрген адамдарға ренішін білдіреді. «Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған». Ойшылдың осынау аса өткір әлеуеттік әшкерелеуші сыны: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ» деген тұжырыммен аяқталады. Абай жас балаға ізгі адамгершілік қасиеттерін дарытуды да біліммен, ғылыммен байланыстырады. Оның ең соңғы, Қырық бесінші сөзін: «Бүл ғаділет, махаббат, сезім кімде көбірек болса, сол кісі - ғалым, сол - ғақыл» деген жолдармен түйіндеуінде үлкен мән бар. Абай тәлімгер ретінде балаларды оқыту, оларды ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу мәселесін үнемі алға тартып отырады. Тәлім-тәрбие тақырыбы оның барлық «Сездерінің» өзекті арқауы десе де болғандай. Абай халық қамын ойлағанда ең алдымен сол жастарға үміт артады. «Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарына алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол әрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бүл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп, жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бүл аталары қартайып сезден қалғанда түзелсе болар еді», - деп жазады Абай Қырық бірінші сөзінде. Ағартушы Абай тәлім-тәрбиенің қуатын қастер тұтып, ел ішіндегі теріс тәрбиені сынаумен қатар өз тыңдаушыларын олардың өздерінің ғана емес, балаларының да бойындағы жағымсыз қасиеттерді жоюы қажеттігін ескертіп отырды. «Мен егер затон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деп жазды Отыз жетінші сөзінде. Абай өлеңдері сияқты қарасөздерінде де еңбек тақырыбына ерекше көңіл бөлген. Ақын көптеген замандастарының оғаш қылықтарын сын садағына түйреп, мысқыл ете отырып, халықты адал еңбекке, шаруашылығын ұйымдастыра білуге, кәсіп үйренуге, егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысуға шақырады. Еңбектің адам өмірі мен тарихи даму жолындағы қызметіне философиялық тұрғыдан ой жүгіртіп, жоғары бағалайды. Прогреске, экономика мен мәдениет саласында адамды табысқа жеткізетін адам, халық, отан игілігі жолында атқарған оның адал еңбегі деп есептейді. «Ақыл, ғылым - бұлар - кәсіби», - дейді ол Қырық үшінші сөзінде... Абай Құнанбаевтың әдеби-қоғамдық қызметі буржуазиялық экономиканың ықпалымен ыдырай бастаған феодал-патриархалдық қатынастар жағдайында, патшалық отарлаудың қыспағында, діни әдет пен шариғат қағидалары үстемдік еткен ортада, ұлттық шашыраңқылық пен көшпенділікпен күн керген қазақ халқының сауатсыздығы жағдайында етті. Ақын зорлық-зомбылық пен қанауға негізделген құрылысты, руаралық алауыздықты батыл айыптап, мәдени мешеулікпен талмай күрес жүргізді, халықты білім-ғылымға шақырды. Өз шығармалары арқылы қазақ халқының ұлттық санасын оятып, ілгері дамытты... Ол атеист болмаса да, жұртшылықты моральдық беріктікке үндеді, халықтың қадір-қасиетін көтере түсу жолында күресті. Бірақ, ол дін қағидасынан таймайтын діншіл де болған жоқ. Ол дін уағыздарынан өзін толғандырған моральдық-этик. талаптарға жауап іздеді, бірақ, таба алмады... Абай қарасөздеріне арқау болған негізгі бес тақырыптың бірі - осы дін мәселесі. Өзінің филос. көзқарасы жөнінен идеалист болған Абай «Ғақлияларында» кейде исламның моральдық қағидаларына жүгінеді. Мұндай сәттерінде ол ислам мадағын идеалистік мораль рухында түсіндіреді (М. Әуезов). Бірақ, ол әңгіме тақырыбын ислам қызметшілері төңірегіне - молдалар, хазіреттер, ишандар т. б. жайына ауыстырғанда қашанда қаһарлы, ызапы... Бұл жоғарыда келтірілген мысалдарға қарағанда Абай Құнанбаевтың ғақлия-сөздері ақын өмір сүрген уақыттың саяси-қоғамдық, әкімшілік биліктік, әлеум.-экон., моральдық-тәрбиелік, мәдени-білімділік мәселелерін жан-жақты қамтитын филос. трактаттар деген анықтама беруге әбден болады.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Трактат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}