Трайбализм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:40, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Трайбализм, рушылдық – қоғамдық жікке бөлінушілікті тудыратын этнос ішіндегі ру-тайпалар мен жеке адамдар бойындағы тайпалық, рулық сезім, құбылыс.

Трайбализм негізінен билікке таласушылықты, сепаратизмді қоздыратын құбылыс ретінде саяси мәдениеті төмен, демократиялық институттары нашар дамыған елдерге (Азия, Африка елдері, т.б.) тән.

Этногенетикалық тегі тайпалық-рулық құрылыс негізінде қалыптасуына және ғасырлар бойы жүздік құрылымдар бойынша басқарылуына байланысты қазақ халқында тайпалық, рулық сезім осы күнге дейін сақталған. Қазақ дәстүрлі әдет құқығы бойынша әр адам өз шыққан тегі мен жеті атасын білуі тиістігі тұқым тазалығы мен тектілік қасиеттің орнығуына, адамдар арасында туыстық қатынастардың жойылмауы мен сол арқылы халықтың өзін-өзі сақтап қалуына жағдай жасады, мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландырды. Дегенмен, жеке адамдар арасындағы ірілі-ұсақты билікке таласушылық ру-тайпалардың залалды бақталастығы мен бәсекелестігіне, дау-жанжалға ұласып, рулық сезім рушылдық-жікшілдікке соғып отырды.

Қазақ еліндегі трайбализм өзге елдердегі жершілдік, этностық жікшілдік секілді құбылыстарға ұқсас қызмет атқарды, тиісінше қазақ мемлекеттілігін нығайта түсуге кедергі жасады. Қазақ хандығы дәуірінде Тәуке ханныңЖеті жарғысы” рушылдық құбылыстарға батыл тосқауыл қоюымен ерекшеленді.

Әр кезеңдерде өмір сүрген қазақ зиялылары рушылдықты “мемлекетке іріткі салатын қоғамдық дерт” ретінде бағалап, оны біржола жоюды, елдік, мемлекетшілдік сананы жоғары қойып, орнықтыруды ұсынды. 20-ғасырдың соңынан бастап қазақ қоғамында урбанизация және нарықтық үдерістердің күшеюі трайбализмнің бәсеңдеуіне ықпал етті.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}