Торғай Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Торғай Ахметова (15.3.1955. Ақмола облысы Щучье ауданы Ынталы ауылы) - телережиссер.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. Қазақ қыздар педагогикалық институтын бітірген (1977). Қазақ теледидары музыка редакциясында режиссер ассистенті. (1979-83), "Қазақтелефильм" студиясында музыкалық редактор (1983-87), қазақ теледидарының "Мұрагер" балалар редакциясының режиссері.

Бүгінде "Қазақстан" РТРК АҚ аймақтану бөлімінің бас маманы. Режиссер ретінде телеэкраннан "Шамшырақ", "Санамақ", "Крутая арба", жастарға арналған "Ноу проблема" телехабарларының, "Ән мен әнші" (2004), "Шыңның жүзі", "Әлі есімде"( 2006), "Дала - думан", "Еркетай", "Ауыл-аймақ", "Тау тұлға", "Ілік септік" хабарларын режиссері ретінде телеэкранға шығарды. "Қазақстан" телеарнасының 50 жылдығына арналған Қарағанды, Шымкент қалаларынанда өткен "Дидар" (2008) фестивалінде дайындалған хабарлардың режиссері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}