Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көп ретте техникада машиналар мен тетіктердің жанасатын беттері арасындағы үйкелісті азайту қажеттігі туындайды. Бұл жағдайда жанасатын беттер тегістеліп, олардың арасы майланады.
Үйкеліске әсер етудің тағы бір мүмкіндігі - сырғанау үйкелісін домалау үйкелісімен алмастыру. Егер жанасатын беттердің (ось пен тірек) арасына шариктерді немесе роликтерді орналастырса, онда бұл жағдайда сырғанау үйкелісі домалау үйкелісіне ауысып, үйкеліс күші құрт кемиді. Ось пен тірек тез ескірмеу үшін шариктер мен роликтерді катты материалдан жасалған сақиналардың арасына орналастырады. Сыртқы сақина тірекке орнатылады да, ішкі сақина білікке кигізіледі (89-сурет). Сонда білік тірек бойымен сырғанамайды, шариктер мен роликтер арқылы оның бетімен домалап отырады.
Подшипниктер деп аталатын мұндай керемет құрылғыларды пайдалану үйкеліс күшін 20-30 есе азайтуга мүмкіндік береді. Өздерің тебетін велосипедтерде сусымалы подшипниктер пайдаланылады, онда сақиналардың рөлін тірек пен білік атқарады. Велосипедті тепкен кезде шариктер тірек және ось бойымен домалап отырады .
Қазіргі кезде өнеркөсіпте диаметрі шамамен 1 мм-ден 1,5 м-ге дейінгі подшипниктер жасалынады. Мұндай подшипниктермен барлық үлкенді кішілі машиналар жабдықталған. Үлкен машиналарға арналып жасалатын подшипниктердің массасы 1 т-дан да асып кетеді.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub