Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:31, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Temirkhan Dosmuhanbetov.jpg
Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов

Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов (8 наурыз, 1949 жыл, Қостанай облысы Денисов ауданы, Мениславка ауылы) — Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

  • Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын (1972) жаттықтырушы мамандығы бойынша бітірген.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1993) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.
  • 1972 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
  • 1973 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 1975 жылдан - ассистенті, 1976 жылдан - аға оқытушысы.
  • 1982 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына техникалық

қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі.

  • 1983 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы.
  • 1985 жылдан - Бүкілодақтық ерікті «Еңбек резервтері» спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының

орынбасары, 1988 жылдан - төрағасы.

  • 1991 жылдан - Шетел туризмі бойынша «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының президенті.
  • 1994 жылдан - Мемлекеттік «Иассауи» акционерлік компаниясының президенті.
  • 1996 жылдан - ҚР Жастар, туризм және спорт істері министрі.
  • 1997 жылдың наурызынан - ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры.
  • 1997 жылдың қарашасынан - ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы.
  • 1998 жылдан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
  • 2003 жылдың маусымынан - Астана қаласының әкімі.
  • 2004 жылдың наурызынан - ҚР Президентінің іс басқарушысы.
  • 2006 жылдың наурызынан бері - ҚР туризм және спорт министрі.
  • ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті (2006 жылдан).

Ғылыми еңбектері

Педагогика ғылымдарының кандидаты (1996). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Денешынықтыруға бағытталмаған ЖОО спортта жоғары жетістіктерге жетудің педагогикалық және ұйымдастырушылық негіздері».

Қоғамдық қызметі

  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаты.

Қосымша лауазымдары

  • Халықаралық самбо федерациясының вице-президенті.
  • Туризм бойынша Еуразиялық ассоциацияның вице-президенті.
  • БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) вице-президенті.
  • Азияның Олимпиадалық комитетінің вице-президенті.
  • ТМД Туризм жөніндегі кеңесі төрағасының орынбасары.
  • ҚР Спорттың су түрлері жөніндегі федерациясының президенті (2008 жылдан).

Марапаттары

  • II дәрежелі «Барыс» (2003)
  • РФ Достастығы (2004) ордендерімен;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен;
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен (1983, 1985) марапатталған.
  • КСРО Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
  • ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
  • Астана қаласының Құрметті азаматы (2009)

Отбасы

  • Әкесі - Досмухамбетов Мыңайдар (1924-1985), жұмысшы болған.
  • Анасы - Оразбаева Орындық (1928 жылы туған).
  • Үйленген. Жұбайы - Жұмабекова Сәуле Әмірқызы (1949 жылы туған), дәрігер.
  • Қызы - Әлия (1975 жылы туған).
  • Ұлы - Шыңғыс (1982 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер