Темірбек Қожакеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:42, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Қожакеев Темірбек (17.12. 1926, Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылы – 29.12.2003, Алматы) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1974), Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1996).

ҚазМУ-ді бітірген (1953). 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де қызмет атқарды. Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеді.

Қазақ сатирасының даму жолына арнап “Қазақ сатирасы” (1970), “Абай – сатирик” (1970), “Қазақ совет сатириктері” (1975), “Сатира және дәуір” (1976), “Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары” (1978), “Адам. Қоғам. Сатира” (1980), “Сатиралық жанрлар” (1983), “Сатира – күштілер қаруы” (1985), “Сатира негіздері” (1996) сияқты еңбектер жазды.

Қазақ әдебиеті мәселелері бойынша “Абай және Сұлтанмахмұт” (1969), “Қазақ мысалы” (1969), “Әлемнің Әуезові” (1997) зерттеулерін жариялады. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекеттік қайраткерлері мен жазушылар, журналистер мұраларына арналған еңбектері жарық көрді.

Қожакеев Жамбыл облысы Меркі ауданының құрметті азаматы (2002). “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Темірбек Қожакеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}