Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:42, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы (24 қазан 1910 ж., Қостанай облысы, Қарабалық ауданы – 13 тамыз 1987 ж., Алматы қаласы) – биология ғылымдарының докторы (1953), профессор (1953), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1958).

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1954). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1936). ҚазМУ-да ассистент (1936–38), оқу ісі жөніндегі проректор (1943–46), кафедра меңгерушісі (1946–70) және ректор (1955–61), Қазақстан Ғылым Академиясының биология ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы (1972–83), Молекулалық биология және биохимия институтында дәнді дақылдар лабораториясының меңгерушісі (1983–87) болды. 1952 жылы «Биохимическая характеристика яровых пшениц Казахстана в связи с их технологическими качествами» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған.

Дарқанбаев Қазақстан бидайының тағамдық маңызы мен технологиялық қасиеттеріне баға беріп, олардың құрамындағы белоктардың түзілу және кебу заңдылықтарын анықтады. Дарқанбаев бидай дәнінде α-амилаза ферментінің жасырын түрде кездесетінін дәлелдеп, оның биосинтезін зерттеген. Амилаза ферментінің, глиадиндермен қатар бидай сорттарының сапалық көрсеткіші бола алатындығын анықтаған. Дарқанбаев ҚазМУ-да өсімдіктердің зат алмасу биохимиясы (1965), Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтында белок және нуклеин қышқылдары (1968) және дәнді дақылдар биохимиясы лабораторияларын (1973) ұйымдастырды. «Еңбек», «Қызыл Ту», 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>Қазақ энциклопедиясы <reflist/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}