Текелі қорғасын-мырыш комбинаты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:22, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Текелі қорғасын-мырыш комбинатыҚазақстандағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындарының бірі. Алматы облысындағы Жетісу Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. 1933 жылы инжылы-геологтар М. Юдичев пен М. Қадылбековтың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесінде Текелі өзеннің жағалауынан қорғасын-мырыш кен орны ашылды. Комбинат құрылысы 1937 жылы басталып, кен өндіру және оны өңдеу жұмыстары 1942 жылдан жүргізіліп келді. Комбинат құрамында Текелі, Көксу, Тұйық кеніштері мен 2 кен байыту фабрикасы, бірнеше қосымша цехтар жұмыс істеп келген. Комбинаттың негізгі өнімі – қорғасын, мырыш және барит концентраттары еліміздің түсті металлургия зауыттары мен химия, мұнай өндіру кәсіпорындарында қайта өңделіп отырған. 1971 жылы Текелі қорғасын-мырыш комбинаты кен өндірудегі жоғары өнімді технологияны өндіріске енгізгені үшін КСРО халық шаруашылығы көрмесінің алтын және қола медальдарымен марапатталған. 1996 жылы жоғары сапалы (45%) рентабельді кентас қабатының бітуіне байланысты комбинат өз жұмысын тоқтата бастады. 2003 жылдан жиналып қалған клинкерді (қалдықтарды) өңдеумен бір ғана цех жұмыс істеп тұр. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Текелі қорғасын-мырыш комбинаты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}