Тараз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ТаразЖамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды.

Тарихы

Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.

Сурет:Ancient Taraz Kazakhstan.jpg
Ежелгі Тараз қаласы

Бәйдібек батыр

Тараз қаласында Айша Бибі, Бабаджа хатун, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.

Халық саны

Қаланың халық саны: 380 000 адам (2009 жылғы мәлімет) Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.

2010 ж. 1 қаңтарына тұрғындары этникалық құрамы:
Этникалық құрамдар Халық саны
1989 жылы
 %
Қазақтар 722 627 69,23 %
Орыстар 141 829 13,59 %
Өзбектер 24 986 2,39 %
Татарлар 10 651 1,02 %
Немістер 6 695 0,64 %
Басқалар 137 055 13,13 %

Тараз қаласы халқының саны<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1897 1959 1970 1979 1989 1991 1999 2004 2005 2006
11 722 113 346 187 164 263 793 306 715 312 300 330 125 327 911 332 204 336 057
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
338 454 342 483 320 634 325 211 327 411 326 113 343 275 351 353 356 983

Табиғаты

Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:

  • мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
  • жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
  • жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.

Өндіріс

Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Тараз қаласының суреттері

Дереккөздер

<references/>

Тараз қаласының сайттары

Тағы қараңыз

Үлгі:Жамбыл облысы Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Тараз қалалық әкімдігі елді мекендері