Талас Алатауы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:14, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тау

Талас Алатауы - Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота.

Географиялық орны

Қазақстан мен Қырғызстан жерінде.

Жер бедері

Орташа биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар.

Геологиялық құрылымы

Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген.

Өсімдігі

Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер