Сәуірбек Бақбергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:07, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сәуірбек Бақбергенов (1920, Созақ ауданы1997) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

  • Талғат повесі (1950),
  • Қайран шешем (1963),
  • Адам және көлеңке (1969), тағы басқа 20-ға жуық романдар мен повестер жинағы жарық көрген.

[Түркістан]] каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагогика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу әскер училищесін бітірісімен Мәскеу түбіндегі ұрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі.

Әскер қатарынан босаған соң "Социалистік Қазақстан" газетінде еңбек етті. 1950 жылы мәшһүр ұшқыш Талғат Бигелдинов атындағы хикаятын бастырады.

Шоқан Уәлиханов ғұмырынан

  • "Қоян көлге құлаған жүлдыз",
  • "Мен сізді сүйемін",
  • "Тараз көгершіндері" атты үш хикаят жазған.

Соғыс тақырыбына жазылған

  • "Қарға тамған қан",
  • "Алтын күрек",
  • "Адам және көлеңке",
  • "Көлеңке" романдары,
  • "Талғат",
  • "Белгісіз солдат",
  • "Жанғожин",
  • "Барлаушылар,"
  • "Атжалында" хикаяттары мен көптеген әңгімелері оқырманға жақсы таныс.

Ол

  • "Мейірімді анам",
  • "Адам жоне көлеңке",
  • "Кентау" романдарының
  • "Бозторғай",
  • "Әнші бала",
  • "13-нөмірлі ойыншы" хикаяттарының,
  • "Біздің жігіттер",
  • "Біздің колхозда болған еді",
  • "Жол Алтынемел арқылы өтеді" атты әңгіме жинақтарының авторы.

Максим Горькийдің бірқатар әнгімелері мен ертегілерін қазақшаға тәржімалаған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Шығармалары

  • Алтын күрек. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1958;
  • Біздің колхоз. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960;
  • Бозторғай. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1960;
  • Алтын емелден асқан да. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1961;
  • Қайран шешем. Роман. А., ҚМ КӨБ, 1963;
  • Қоянкөзге қүлаған жұлдыз. Повесть. А; «Жазушы», 1965;
  • Қасиет. Повесть. А., «Жазушы», 1966;
  • Қарға тамған қан. Роман. А., «Жазушы», 1967;
  • Адам және көлеңке. Повесть. А., «Жазушы», 1969;
  • Белгісіз солдат. Повесть. А., «Жазушы», 1977;
  • Он үшінші ойыншы. Повесть. А., «Жалын», 1979;
  • Шығармалардың екі томдығы. А., «Жазушы», 1980;
  • Қан тозаң. Роман. А., «Жазушы», 1983.
  • Ақбоз атты ару. Повесть. А., «Жазушы», 1986;
  • Запасной игрок. Роман, повесть, әңгімелер. «Жазушы», 1990;
  • Смерть Тамерлана. Повесть. «Қазақстан», 1992;
  • Бөрте - Шыңғысханның жұбайы. Повестер мен әңгімелер. «Жазушы», 1993;
  • Қарға тамған қан. Алтын күрек. Романдар. «Елорда», 2000;
  • Қайран шешем. Роман. «Ерен», 2000.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub