Сәкен Құсайынұлы Иманасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:30, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сәкен Құсайынұлы Иманасов (2 мамыр, 1938 жыл, Алматы облысы, Алакөл ауданы Талапкер ауылы - 10 желтоқсан 2012 жыл Алматы) - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).

Өмірбаяны

  • Қазіргі Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітірген.
  • теміржол құрылысында қатардағы жұмысшы.
  • аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болған.
  • Аудандық газетте қызмет істейді.
  • «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер.
  • Алматы облыстық партия комитетінде жауапты қызметте.
  • Қазақстан Жазушылар одағында жауапты қызметтер атқарған.
  • «Балдырған» журналында істеген.
  • «Қазақ мемлекеті» газетінде істеген.
  • Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында істеген.
  • «Жазушы» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактор қызметтерін атқарған.
  • Алматы облыстық әкімшісінде жауапты қызметте болды.
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Шығармашлығы

  • Алғашқы өлеңі 1956 жылы шыққан.

Кітаптары:

  • «Туған ауыл»
  • «Ақ айдын»
  • «Ақ дариға»
  • «Жайдарман»
  • «Ғашық дүние»
  • «Алтын аймақ»
  • «Ғашықпын саған»
  • «Бел-белес»
  • «Адырна»
  • «Жебе»

орыс тілінде:

  • «Созвучие»
  • «Тетива» атты кітаптары

Шығармалар жинақтары:

  • 1993 жылы шығармаларының екі томдығы жарық көрді.
  • 1998 жылы бір томдық таңдамалысы
  • 2001 жылы «Қаламдастарым мен замандастарым» атты эсселер, пайымдамалар, арнау өлеңдер кітабы шыққан.
  • 2003 жылы «Елорда» баспасынан соңғы оншақты жыл ішінде жазылған өлеңдері «Өткірдің жүзі» деген атпенен
  • естеліктері «Жазушы» баспасынан «Қалам мен Заман» деген атпен жарық көрді.
  • «Жазушы» баспасынан 2007 жылы шығармаларының екі томдығы
  • 2008 жылы таңдамалы шығармаларының 5 томдығы
  • балаларға арналған «Жәнібек пен атасы» атты кітабы шықты.

Аудармалары

Көркем аударма саласында оның тәржімасымен Шығыс шайыры Жалаладдин Руми, орыс ақындары А.Кольцов, В. Маяков-ский, ангола ақыны А.Нетто, саха М.Ефимов, қырғыз А.Рысқүлов, С.Жусуевтердің кітаптары басылып шықты.

Марапаттары

  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006)
  • Алматы облысының Құрметті азаматы.
  • Алакөл ауданы Құрметті азаматы.
  • Үшарал қаласының Құрметті азаматы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>