Сүзбе тары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сүзбе тары — қазақтың ұлттық тағамы. Қатық айран сүзбесін таза орамал не матадан тігілген дорбаға сүзіп қояды. Бір - екі сағаттан соң сүзбенің сары суы ағып, сүзбе қоймалжың болған кезде, оған жеткілікті мөлшерде тұз салып, бірге бір мөлшерде ақталған тарыны жармалап, араластырып, тазаланып, түгі сыртына қаратылып үрленген, кептірілген қойдың қарнына салып, қалған сары суы шығуы үшін қарынды сыртынан төбен инемен піспектейді де, көлеңкеге қойып кептіреді. Қоспа әбден кепкен кезде, оны қыстық құрт-маймен бірге сақтайды.