Сүгір Әліұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сүгір Әліұлы (1882, казіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы - 1961, сонда) - күйші-композитор. Ықыластың шәкірті. Жастайынан ел арасында "домбырашы Сүгір" атанды. Сүгірдің "Телқоңыр", "Майдақоңыр", "Шалқыма", "Ыңғай төк", "Қосбасар", "Бес жорға", "Боз інген", "Ілме", "Ақжелең", "Амангелдіге арнау", "Аққу", т.б. күйлері бар. Сүгір домбырада оң бүраумен қатар теріс бүрауды да пайдаланған, әрі төкпе күй мен шертпе күйлердің үздік шебері болған. Сүгірдің шерту әдістері мен күй сарынында Сарыарқаның шертпе күйлеріне үқсамайтын айрықша интонация бар. Ол домбыра үнін қобыз үніне жақындатып, Ықыластың көптеген күйлерін домбыраға түсірген. Сондықтан күйлерінде қобыз үні басым. Сүгір күйлері 1964 ж. түңғыш рет халық аспаптар оркестрінде орындалып, 1968 - 69 ж. нотаға түсірілді. Оның күйлерін насихаттаушылар: Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, У.Бекенов, Г.Асқаров, т.б. С-дің өнері туралы жазушы Т.Әлімқұлов әңгімелер, ақын Б.Батырбекова поэма ("Күйші Сүгір") жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}