Суық соғыс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:26, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Уики

Сурет:Cold War Map 1959.svg
Суық соғыс -1959ж

«Қырғи қабақ соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды. <ref name="source1">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

Сурет:Cold War Map 1980 copy.png
Суық соғыс -1980ж

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кеңестер одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава ғана түсіп қоймай, сонымен бірге оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды.

Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты мақсатым халықаралық жағдайлардағы ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихының деретанулық проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен әдісін, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі тарихы бойынша тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар мен библиографиялық дерктер бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің деректері аймақ және ел бойынша іріктелген.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғысы кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі.Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді.

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.

Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы).

Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар.

Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді.

Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды.

Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және Дереккөздернен тұрады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай

«Қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді. Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды.

Осы қатынастардың символы ретінде «Үлкен үштіктің» үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды,

Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік ұйымдарды тарату; бұрын тыйым салынған саяси партиялар мен негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық трибунал сотына беруге келіеті.

Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

Черчилльдің Фултонда сөйлеген сөзі – «Қырғи қабақ соғыстың» бастамасы

КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді.

Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді.

1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грекияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грекиядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Грекия мен Түркияға 400 млн доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.

Маршалл жоспары

Маршалл жоспары (ағылшынша: Marshall Plan, ресми атауы ағылшынша: European Recovery Program — «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») - Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы).

Алғаш рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. Кейін Парижде өткен Еуропа мемлекеттерінің конференциясында талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру барысында төрт жыл ішінде АҚШ Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан.

1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада финанстық және экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды Американың Европаны экономикалық қанауға салуға; бағытталған деп есептеп, шығысевропа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16 Батыстық елдер Маршалл жоспарын; қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде АҚШ-тан 17 млрд доллар көмек алатын болды. Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс Европаның бірде-бір үкіметінде коммунистер болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы алауыздық Европаның бөлшектенуіне әкеліп соқты.

Европада орын алған оқиғалар Германия тағдырына да әсер етті. Батыс елдер үшін олардың оккупациялық зоналары «тежеу» саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл саясаттың табысты болуы немістерге байланысты екен айқын болды. Сондықтан АҚШ Маршалл жоспарының әрекет ету аймағын Батыс Германияны қосуды талап етті. Репарация алу және осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы онда ақша реформасы жүргізілді. Құнсызданған рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру экономиканы қалпына келтірудің басталуына түрткі болды. Бірақ ол Герман проблемасын бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық болып табылады. Берлин статусы туралы мәміледе Берлиннің батыс секторларының батыстық оккупациялық зоналармен транспорттық байланыстарын қамтамасыз ету жөнінде КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар жолды кесіп тастады.

Берлин блокадасы - КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен алғашқы ашық конфронтациясы басталды. Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге созылды. Сол уақыт ішінде Берлиндегі одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің 2 млн-дық халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері Шығыс Германия территориясы арқылы одақтастар самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады. Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан конгресстің екі палатасына да бақылау орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл күйінде болған өзгерісті айқын көрсетті: оларда Америка қорғаныс шебі Европа мен Азияда орналасқан деген түсінік пайда болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына соңғы нүкте қойылды.

Берлин блокадасы Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы 10 Европалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Франция), АҚШ және Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға дайын екендіктерін мәлімдеді және осы мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды. Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр басқарған біріккен қарулы күштер жасақталды.

Өз тарапынан Шығыс Европа елдері өзінің топтасуын нығайта түсуді жалғастыра берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния, Венгрия, Польша, КСРО және Чехославакия Европаның бөлшектенуіне байланысты экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын жариялады. Ақпанда СЭВ-ке Албания, кейінірек ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің әскери-саяси одағын -Варшава Келісімі Ұйымын (ОВД) құрды.

1949 жыл Германияның бөлшектену жылы болып табылады. Ақша реформасы жүргізілгеннен кейін көп ұзамай-ақ батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын жасау басталды, ол осы үш зона негізінде жасалуға тиіс болды. 1949 жылы мамырда Германия Федеративтік Республикасы (ФРГ) құрылды. Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды. Дүниежүзіндегі ең халкы көп мемлекетте өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ-та абыржу туғызды.

1949 жылы американдықтар КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны жөнінде естіді. Кеңес атом қаруы қарулануға тек 1953 жылы ғана енсе де әскери-саяси бәсекелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы айқын еді, өйткені осы салада АҚШ-тың монополиясы жойылды. Осыған байланысты АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952 жылы АҚШ алғашқы сутегі бомбасын сынады. Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес болатын, ал оның қуаты тасымалдау құралының (носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты 10 млн тонналық тротилдің жарылысымен тең еді. Осындай қару он ай өткен соң КСРО-да сыналды. 50-ші жылдары екі елде де ядролық қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез арада жасап, жүзеге асыру жұмыстары жүрді. Соғыс кезіндегі неміс ракета құрылымы жетістігінің негізінде континентаралық баллистикалық ракета жасалынды. Алғашқы атомдық суасты ракета тасушы кемелер пайда болды. АҚШ пен КСРО-ның бәсекелестіп ракеталық-ядролық жанталаса қарулану сипатында жүргізілді.

1950 жылы АҚШ Корея жарты аралындағы жанжалға араласып, алғаш рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға мәжбүр болды. Соғыстан соң Корея, солтүстігінен Кеңес Одағы, оңтүстігінен АҚШ оккупацияланды. Германия сияқты екі үкімет құрылды. Олардың арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды. 1949 жылға қарай АҚШ пен КСРО әскерлері Кореядан шығарылды, Кореяның ек бөлігінде де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы Солтүстік Корея әскер 38 параллель бойынша демаркациялық шепті бұзып, оңтүстікке қарай тез жылжыды. АҚШ Солтүстік Корея әрекетін агрессиялық деп танытып Біріккен Ұлттар Ұйымына Оңтүстік Кореяға көмек көрсету туралы шешігі қабылдатты. БҰҰ туы астында Корея жартыаралына көпшілігін американдықтар құраған бірнеше елдің әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған Корея соғысы басталды. Осылайша АҚШ пен КСРО арасында бітіспес қайшылық туды. Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы Трумэн доктринасы деп, ал аяқталуы 8 желтоқсан 1991 жылы КСРО-ның құлауы десек сонда ол 45 жылға созылды. Осы жылдары АҚШ пен КСРО арасында қайшылық қанша асқынса да соғысқа ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді «қырғи қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды, бір-біріні жау ретінде қарады, дүниенің барлық аймақтарында және қарудың ба; түрінен бәсекелесті, қару Жер бетіндегі бар тіршілікті бірнеше рет жойып жібере алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады. Не себептен?

Бас кезеңде екі жақ та мұндай соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа айналған кезде екі жақ та жаңа соғыс тұтана қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады. Соғыс қорытындысының айқын болмауы ек жақты да бір жақты басымдылыққа ұмтылдырды, алайда неғұрлым жаңа түрлерінің пайда бола беруі қақтығыстың соңының қандай боларын болжауды тіпті қиындатты. «Қырғи қабақ соғыс» бүкіл планетаны шарпыды Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және экономикалық топтарға, екі қоғамдық-саяси жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің өзіндік саяси логикасы туындады - кім бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы. Дүние жүзіндегі барлық оқиғалар бәсекелестіктің айнасында «қара-ақ» деп қаралды. «Қырғи қабақ соғыс» бағымызға қарай «қанды соғысқа» ұласпаса да саясат пен ақыл-ойды барынша милитиаризациялады. Дүниежүзілік саясатт; барлықы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді. Күш қолдану қаупі БҰҰ жарғысына сәйкес болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың басты қаруы болып табылды. Жанталаса қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО-да соғыс-өнеркәсіп комплексін қалыптастырды. Осы саланы басқарған министрліктер мен ведомстволардың беделі мен саяси ролі ості. Халықтың санасын милитаризациялау жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналды Жауыз, аяусыз коммунист және дәл сондай империалист бейнесінде жаңа образы қалыптастырылды. Екі елдің мәдениетіне де осы сіңдірілді «Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді ығыстырды.

«Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ» деп тану сыртқы дүниеге қауіп-қатер сезімін ұялатты және сыртқы жау алдында жасанды іштей топтасуға итермеледі. Алдыңғы ой-пікір арандатушылық іс-әрекет деп табылды. Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының жаппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен қатар «қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде «берекелі мемлекеті құру мақсатындағы әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау үшін стимул болды және ол коммунизм идеясы еніп кету барьері ретінде саналды.

«Қырғи қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың ең таңдаулылары қарудың жаңа түрін шығарумен айналысты. Жанталаса қарулану адам естіп білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол ядролық физика мен космостық зерттеулердің дамуына ықпал етті, электроника қуатының өсуі мен жаңа материалдар жасауға жағдай туғызды. Жанталаса қарулану кеңес экономикасын қанаттандырып, американ экономикасының бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың коммунизммен күресінің алдыңғы шебі болған Батыс Германия мен Жапонияның саяси және экономикалық позициясын қалпына келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді елдер халықтарынын тәуелсіздік үшін күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші дүниені» ықпал ету аймағы үшін аймақтық және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін орталығына айналдырды.

Былайша айтқанда, «қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік тарихқа терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді? Онын пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының әр түрлілігіне байланысты болып табылады. Оның ең бастысы дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай және ұзақ жүргізе алатын екі державаның ғана қалғаны еді. Басқа ұлы державалардың бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО осы жағдайда тек ұлы державалар ғана емес, басты ұлы державаларға айналды. Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы бәсекелестікті тудырмай қоймайтын еді. Осы тартысқа тарихи дамуы, географиялық жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылысы әр түрлі ғана емес, дүниетанымы да әр түрлі мемлекеттердің қатысуы оған ерекше форма, орта ғасырлардағы діни соғыстарды еске түсіретін идеологиялық қақтығыс сипатын берді.

«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастар

1947-1959 жж дүниежүзілік саясат белестері

«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында халықаралық қатынастардың дамуы ірі державалар арасындағы қатынастармен анықталды. Олардың бәсекелестігі әскери-саяси сипатта болды, солай бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының қандай болатынына сенімді болмағандықтан, ашық соғыс қақтығысына бармады. Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы болды. Шиеленіскен жағдайда ірі державалар компромиске бару жолын іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен бәсекелестік қайтадан күшейді.

1950 жылы 15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның туы астында Инчхонге әскерін түсіріп американдықтар қазанның соңында демаркациялық шепке шығып, Оңтүстік Кореяны азат етті. Біріккен күштердің бас қолбасшысы генерал Макартуі Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді жою мен Кореяны біріктіру мүмкіндігін пайдалану қажет деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньян алынды, американ әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде қақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай араласты. 26 қарашада танкілер мен самолеттер қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр етті, майдан демаркациялық шептің оң жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды. Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана отырған КСРО-ның ашық араласатыны және соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айқын еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады, ол жұмыстан шығарылды.

1951 жылы қаңтарда майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз американ президенті ауысқан соң (1953 жылы қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны қалпына келтіруге ризашылық білдірді. Корея Германия сияқты бөлшектенді.

Осы жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты. Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина халықтары еврейлер мен арабтар арасында қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина (Жерорта теңізі мен Аравия шөлейтті арасындағы құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет, Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим империясының құрамына енген сон, еврейлер тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің басты орталығы -Иерусалим храмы бұзылды. Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады және жергілікті халықтар арасында сіңіп кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады. XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм (еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді. Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып, өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді. Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды. Осман империясы құлаған соң Палестинаны басқарған ағылшындар еврейлердің өз ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды. Ағылшындар Палестинада еврейлер мен арабтар арасында туындаған қайшылықты шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды. Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды.

БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды. Израиль мемлекеті құрылып, одан ағылшын әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды. Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады. Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның территориясының біразын Израиль, біразын араб елдері басып алды.

1947 жылы Британ парламенті Үндістанның тәуелсіздікке көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр түрлі халықтар орналасқан аудандарда тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның барысында территориялық дау туды. Соның бірі - үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады. 1940 жылы француз отарларын басып алған Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз Демократиялық Вьетнам Республикасын (ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949 жылға дейін басымдылық француздар жағында болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан көмек алып басымдылық вьетнамдықтар жағына көшті.

«Қырғи қабақ соғыс» жағдайындағы АҚШ пен Совет одағы және Францияның қарым-қатынастары

Екінші дүние жүзілік соғыс әлемдегі халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. АҚШ пен Кеңестер Одағының жетекшілігіндегі екі, әскери-саяси блоктың НАТО мен Варшава пактсының қарама-қайшылығы халықаралық қатынастарда екі жүйені қалыптастырды. Екі блоктың арасындағы қайшылық барлық салаларды қамтып жатты. Кеңестер Одағы мен АҚШ-тың арасындағы қайшылық яғни «Қырғи қабақ соғыс» екі супер державаның идеологиялық күресі мен геосаяси қарама-қарсылығында көрініс алды . Деголльдік қарсыласу қозғалысының неміс фашизміне қарсы белсенді күресуінің нәтижесінде Францияның халықаралық статусы нығая түсті. Соғыс аяқталған соң Франция Потсдам конференциясында Сыртқы істер министрлігінің Кеңесіне мүше болып қана қоймай, сонымен қатар Франция Германияны оккупациялаушы державалардың қатарына ілікті . Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Америка Құрама Штаттары мен Францияның арасындағы стратегиялық одақтастық қарым-қатынасының алғы шарты 1946 жылы Вашингтон келісімінде көрсетілді. Бұл келісім бойынша АҚШ Францияға несие беру, екі жақтың экономикалық қатынастарын либерализациялау, берік үкімет аралық байланыс орнату, мәдени байланыстарды дамыту белгіленді .

1947-1948 жылдардағы Герман проблемасының өрши түсуі Франко-американ байланыстарын жақындастыра түсті.

Осы кезде АҚШ-тың үкіметі соғыстан кейінгі Еуропаның экономикасы мен халық шаруашылығын қалпына келтіру мақсатында осы құрлықтың елдеріне қыруар қаржы көмегін беретінін жария етті. Бірақ осы жоба іске асу үшін АҚШ үкіметі аталған құрлықтың мемлекеттерінің басшыларынан үкімет құрамынан барлық коммунистерден тазартуды талап етті. Бұл ұсынысты 16 капиталистік ел, оның ішінде Франция, Италия, және Англия секілді ірі державаларда болды .

АҚШ-тың бастамасымен іске қосылған «Маршалл жоспары» 1948-1952 жылдары қызмет етті. Осы уақыт ішінде АҚШ Батыс Еуропа елдеріне барлығы 17 млрд доллар субсидия берді. Оның ішінде Англия 2,8 млрд, Франция 2,5 млрд алды.

Францияның «Маршал жоспарына» белсенді араласуы оның сыртқы саясатындағы «Атлантикалық ынтымақтастық» принципін нығайта түсті. Францияның көптеген жетекші саяси партиялары мұны ең маңызды бағдарламалық ұстанымдардың бірі деп есептеді. Шындығына келгенде Франция өзінің ұлттық тәуелсіздігіне нұқсан келтірді. оның бұл әрекеті франко-кеңес одағы қатынастарының нашарлауына әкеліп соқты .

Сондай ақ Франция АҚШ-пен тізе қоса отырып әскери – саяси блоктарды құруға да белсенді түрде қатысты. «Қырғи қабақ соғысы» жылдарында АҚШ-тың билеушілері Еуропа, Азия мен Латын Америкасында «коммунизмге қарсы» ұранымен көптеген әскери саяси блоктарды жасақтады.

1949 жылы 4 сәуірде Франция Солтүстік Атлантикалық Одақты (НАТО) құрушылардың бірі болды .

Сөйтіп қысқа мерізім ішінде Франция АҚШ-тың Батыс Еуропадағы маңызды пландарының біріне айналды. Оның территориясында НАТО-ның әскери және транспорттық инфрақұрылымының басым бөлігі орналастырылды. Ал Фонтенблода НАТО-ның бас штабы орнықты .

1950 жылғы 27 қаңтардағы келісім бойынша АҚШ Францияға қомақты мөлшердегі әскери және материалдық көмек берді.

Осы жылдары АҚШ пен Франция Оңтүстік Шығыс Азия регионында коммунизмге қарсы тұру мақсатында бірқатар мәселелер бойынша бірігіп әрекет етті. Үндіқытай түбегіндегі өз отарларынан айырылғысы келмеген Франция соңына дейін қарсыласуға дайын тұрды. Бірақ 1954 жылдың 7 мамырында Дьенбенфу түбіндегі соғыста 150 мыңдық Француз корпусы жеңіліс табады .

Вьетнам проблемасын шешу мақсатында КСРО, АҚШ, Франция, Англия осы жылы Женевада бас қосты. 21 шілдеде Женева бітіміне қол қойылды. Вьетнам 17 параллель бойынша екі бөлікке бөлінді. Солтүстігінде Вьетнам Демократиялық Республикасы (коммунистер), оңтүстігінде – Вьетнам Республикасы (капиталистік). Сөйтіп Франция Азиядағы өзінің орталық иелігінің ең маңызды бөлігінен қол үзді. Осы кезден бастап АҚШ Үндіқытайдағңы ықпалынан үдете түсіп, Францияның орнын басты . 1954 жылдың 8 қыркүйегінде Франция АҚШ-тың бастамасымен құрған СЕАТО әскери-саяси блогына мүше болды. Бұл блок оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азиядағы НАТО-ның аналогы. Оның басты міндеті «Коммунизмге қарсы тұру» болды .

1956 жылы Египет Суэц каналын национализациялауы француз-британ-израиль агрессиясын тудырды. Бірақ бұл үшін агрессия ешқандай да нәтиже бермей керісінше Франция өзінің Таяу Шығыс пен Египеттегі позицияларынан айырылды. Осы жағдайдың барлығы Франциядағы ІV-ші республиканың құлауына алып келді.

1958 жылы елде V-ші Республика орнауымен Францияның сыртқы саясатында түбірлі өзгерістер орын алды. Республиканың жаңа президенті генерал Шарль де Голльдің сыртқы саяси доктринасы ұлттық мүдде мен дәстүрлі тәуелсіз дипломатияны приоритетті деп таныды. Осы кезден бастап АҚШ пен Францияның арасындағы байланыстарда да түбірлі өзгерістер бой алды. Енді де Голль «солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық» идеясынан бас тартып, әлемдік екі қарама-қайшы полюстің үстемдігіне қарсы шықты.

Франция өзін Батыс пен Шығыстың арасындағы конструктивті диалог жүргізудегі тірек ел ретінде жария етті. Бұл жағдай Франция мен Кеңес Одағының байланыстарының жақсара түсуіне ықпал етті. Президент де Голль ең бірінші болып соғыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы қалыптасқан жағдайды танып, Герман Демократиялық Республикасының Тәуелсіздігін мойындады . Осының салдарынан 60-шы жылдары АҚШ-пен Францияның қарым-қатынасы суыйи түсті. Осында де Голль ұлттық қауіпсіздік мәселесінде Францияның саяси тәуелсіздігін қамтамасыз етуді көздеді. Алғашқы кезде ол НАТО-дағы одақтастарымен қарама-қайшылыққа барғысы келмеді.

Француз дипломатиясы «триумвират» идеясының – яғни Солтүстік Атлантикалық Одақта АҚШ, Франция, Ұлыбританияның тең басшылық етуіне мүдделі болды. Париж американдықтардан НАТО-ның ядролық қаруын бақылау монополиясынан бас тартуға талап етті. Бұл саяси инициативалардың сәтсіз болуы, 60-шы жылдардың басындағы Халықаралық қатынастардағы дағдарыстың белең алуы (Берлин және Кариб дағдарыстары) де Голльді жекелей тәуелсіз ұлттық қорғаныс жүйесін құруға мәжбүр етті .

1962 жылы англо-француз және англо-американ ядролық қару жүйесін дамыту келіссөздері маңызды сәт болды. Мұнда Ұлыбритания НАТО құрамында «көпсалалы ядролық күшке» американдық проектіге және біріккен ұлттық ядролық күштерді құрудағы Францияның ұсынысын қабылдамай тастады.

1963 жылы Франция «атлантикалық курстан» толық бас тартатындығын және өзінің жеке ұлттық қауіпсіздіктегі ядролық жүйесін құратындығын жариялады. 1964 жылы президент де Голль Францияның ядролық державаға айналғандығы туралы салтанатты түрде жария етті.

Осы кезден бастап Франция біртіндеп АҚШ-тың бақылауындағы НАТО-дағы әскери-саяси блоктан шыға бастады. 1965 жылы Франция СЕАТО-ның кеңесіне қатысуын іс жүзінде мүлдем тоқтатып, осы әскери-саяси блоктан шықты.

1966 жылдың наурызында фрнцуз үкіметі НАТО-ның әскери ұйымынан шығатындығын жариялады. де Голль НАТО-ның жетекшілерінен аз, қысқа мерзім ішінде басқа да Еуропалық елдердің территориясында орналастырылған 40 мыңдық американ-канадалық әскери қызметкерлерді алып кетуді талап етті . Франция НАТО-ның инфражүйесіне 2,5 млрд доллар компенсация төлеуден бас тартты. Бұл АҚШ-тың Еуропадағы мүддесіне қатты нұқсан келтірді. Францияның территориясында НАТО-ның 46 аэродромы, жүздеген километрлік мұнай құбырлары, жүздеген километрлік телеграф және радиобайланыс желістері, теңіз докторы мен қоймалары тағы басқа стратегиялық объектілер орын алды.

Сонымен қатар президент Шарль де Голль Ұлыбританияны Еуропалық экономикалық қауымдастыққа (ортақ рынок) мүше болып енуіне қарсы болды. Өйткені де Голль егер Англия бұл қауымдастыққа енетін болса, онда мұнда американдықтардың ықпалы күшейеді деп тұжырымдады .

Ядролық қарулардың санын қысқарту мәселесінде де Голль бұл қаруды тек АҚШ пен КСРО ғана қатысты, ядролық қаруды осы екі Супер держава, яғни «Қырғи қабақ соғысының» негізгі қозғаушы күштері болғандықтан қысқартуға міндетті делінді.

Франция өзінің Азия мен Африкадағы отарларына тәуелсіздік берді. Сөйтіп француз отарлық империясы күйреді.

1965 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) француз өкілдері АҚШ-тың Доминикан Республикасы мен Вьетнамдағы әскери агрессиясын айыптады.

1969 жылы Шарль де Голль отставкаға кеткен соң, Жорж Помпиду жаңа президент болды. Ол Францияның сыртқы саяси курсына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы жылы Жорж Помпиду АҚШ-пен жаңа қарым-қатынасты бастайтындығын жариялады. Ол АҚШ-тың Батыс әлеміндегі саяси лидерлігін мойындап, осының нәтижесінде американ басшылығын өзінің одақтастары мен серіктестеріне деген үстемдігін жою жетістігіне қол жеткізді .

1974 жылғы НАТО-ның қайраткерлігіндегі коллективті принциптің күшеюі туралы шарттың жаңа Атлантикалық хартияға енуі Француз дипломатиясының үлкен жеңісі болды. Осы кезден бастап Франция өзінің ұлттық мүддесіне зиян келтірмейтін жағдайда НАТО-мен қайта саяси ынтымақтастыққа түсе бастады.

1970 жылы президент Жорж Помпиду ресми сапармен АҚШ-қа келді. Мұнда АҚШ президенті Никсонмен болған кездесуде бірқатар халықаралық мәселелер қаралды.

«Қырғи қабақ соғыстың» шырқау биігі және оның аяқталуы

Кариб дағдарысы - «Қырғи қабақ соғыстың» шырқау биігі

КСРО мен АҚШ теке тіресі Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты «қайнаған соғысқа» айналып кете жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда баллистикалық зымырандарды орнатуы әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған қарсы Кубада тактикалық зымырандарды орналастыруды жөн деп тапты. КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар жай қарулану бойынша Орталық Еуропада зор артықшылыққа ие болды, бірақ олардың аса сенімді емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды коммунистік режим билеп тұрған Куба аралына орналастырды. Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро оған қарсы болмады. Қайта АҚШ тарапынан болатын қауіп-қатерге қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы көмектесті. Операцияның кодтық аты «Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге 80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады. Операцияның жасырын жүргізілгені соншалық жағалауды күзетіп жүрген АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың Кубаға қалай жеткізілгенін білмей қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл – Ақ үйге үлкен соққы еді.

Ядролық зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз жаяу әскерімен Куба территориясындағы Гуантанамо базасында орналасқан 5 мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып, соғысқа сақадай сай етті. Аралды қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады. Ал санаулы күндерден кейін Кубаға шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида штатына саны бір миллионға таяу әскерін жинақтап үлгерді. Соғыс өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады. Кез келген сағатта АҚШ тарапынан ядролық соққы берілуі мүмкін еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен 21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан тарихшылар «XX ғасырдың ең қауіпті ядролық теке тіресі» деп атады.

Соғыс қаупі «қаралы сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне жетті, бұл күні кубалықтар америкалық барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі.

Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын жасап алып барған зымырандарын Кубадан алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша әлем ядролық қақтығыстан аман қалды. Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді, сондықтан «сол жерлердегі командирлер өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені басып жібергенде не болар еді? Қарымта әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар 28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға жасалар еді, сосын іскер және өндірістік орталықтар – қалалардың кезегі келер еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді, тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді Индепендент газетінде өз болжамын жасаған Стивен Бакстер атты зерттеуші.

1974-1990 жж. «Қырғи қабақ соғыс» жағдайындағы АҚШ-тың қарым-қатынастары

Суық соғыс - тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

XX ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Халықаралық қатынастарда біршама өзгерістер орын алды. Екі супер державаның яғни АҚШ пен. КСРО-ның жоғары деңгейдегі кездесулері, әсіресе ядролық қарулардың санын қысқарту келісіміндегі біршама жетістіктер «Қырғи қабақ соғысының» біраз бәсеңдеуіне алып келді.

Осы кезеңде Еуропа тарихындағы аса ірі оқиға Хельсинки актісінің жүзеге асуы еді. Ол бойынша Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік кеңеске 33 мемлекет қатысты. Онда АҚШ, Канада, КСРО және басқа да Шығыс Еуропаның социалистік елдері болды.

Бұл кезеңде АҚШ пен Францияның арасында бірқатар мәселелер бойынша өзара жақындасулар байқалды. Әсіресе НАТО-дағы ынтымақтастығы нығая түсті . НАТО-дағы ынтымақтастықтың кеңейе түсуі Франко-американ байланыстарына оң әсер етті. 1975 жылы АҚШ пен Франция Еуропадағы қауымдастық және ынтымақтастық кеңесінің ақтық келісіміне қол қойды. Француз президенті Жискар д’Эстен «Қырғи қабақ соғысының» бәсеңдеуі кезеңіндегі екі супер державаның қарама-қайшылығындағы саяси және психологиялық аспектілеріне зор көңіл бөлді.

АҚШ пен Францияның арақатынастарының біраз жақсаруына Париж Кэмп-Дэвидскидегі (АҚШ) израиль-египет келісіміне қарсы шығып, Таяу Шығыстағы антиизраильдік араб мемлекеттерін қолдады.

80-ші жылдардың басынан бастап Франко-американ қарым-қатынастарында бетбұрыстар байқалды. Өйткені АҚШ-та сайлау бойынша президент болған республикандық Рональд Рейган мен Франциядағы сайлау бойынша президент болып сайланған социалист Франсуа Миттеран Кеңестер Одағы мен Социалистік елдерге қатаң саясат жүргізе бастады . Бұл кезең «Қырғи қабақ соғысы» тарихындағы өрлеу кезеңі болды. АҚШ президенті Рональд Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы» ретінде жария етіп, оны экономикалық жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды.

Екі супер державаның қаруланудағы жарыс жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық қорғаныс бастамалары» іске асырылуға көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары «Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды .

Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы оң сәттер байқалды. Президент Франсуа Миттеран Францияның Батыс блогындағы жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын жақсартуға әрекет етті .

Франция НАТО-мен ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады. Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы» деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті. 1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден кеңес әскерін алып шығуды талап етті. Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның Социалистік елдеріне орналастырылған ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды талап етті.

Алайда АҚШ пен жақындасуда атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді. Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау нәтижесінде тағы да президент болды. Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың орын алуына Кеңестер одағының басшылығына жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын жақсартуға талпынды .

Осы кезде АҚШ-тың басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық соғыстың тек американдықтар үшін ғана емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді. Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады. Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады. Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау» концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ Франция жаппай қарулану инициативасына қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек супер державалардың міндеті деген позицияны ұстанды .

Кеңес-американ байланыстарындағы қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті. Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар келісімдерге қол жеткізеді.

1987 жылы М.С.Горбачев ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе Еуропадағы) жою туралы келісімге қол қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады. Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны бомбалауда өз территориясынан американ ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді.

Миттеран осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын ашық білдірді.

1989 жылғы М.С.Горбачев пен жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын білдірді . 1989 жылы АҚШ, Франция, Германия, Англия, ГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ соғысының» символы Берлин қабырғасы құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар» нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік елдерінде коммунизм біржола құлады .

«Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен бір кездері социалистік лидері болған аса ірі империя, коммунистік империя Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен «қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды. Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді әлемге басқаша көзбен қарай бастады.

Еуропа территориясындағы бір-біріне қарсылас әскери-саяси блоктар

Қорытынды

Екінші дүниежүзілік әлем картасын түбегейлі өзгертіп қана қоймай сонымен қатар мемлекеттер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін де өзгертті. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін әлемде екі ірі держава қалды – АҚШ және КСРО. 1939 жылдың қыркүйегіне дейін едәуір дәрежеде басым болған үш европалық мемлекет – Ұлыбритания, Франция және Германия өз дәрежесі мен ықпал ету мүмкіндігін төмендетті.

Осылайша АҚШ аумағында әскери қимылдар жүрмегендіктен ол әлемдегі ірі индустриалдық мемлекетке айналды.

XX ғасырдың екінші жартысындағы әлемде орын алған «қырғи қабақ соғысы» негізінен социалистік және капиталистік елдердің арасында өрбіді. Коммунизм мен Кеңес Одағын тоқтату мен жою мақсатындағы негізгі әрекует етуші АҚШ және оның НАТО-дағы серіктесі болды.

Кариб дағдарысы - суық соғысының тарихында әйгілі бір оқиға. АҚШ пен КСРО арасындағы қаруландыру бәсекесінің ең қауырт кезеңі. Екі мемлекеттің дипломатикалық қатынастар тарихындағы қиын кезең. Кариб дағдарысының кезінде дүниенің қауіпсіздігіне ядролық қатер туындады. Кариб дағдарысы 1962 жылы қазан айында КСРО Кубада өз ракеталарын орналастырған салдарынан туындады.

Америка және Батыс Еуропаның халқы үнемі билеуші топтар тарапынан ядролық соғыстың орын алатындығы туралы үгіт-насихатынан үнемі қорқынышта болды. АҚШ «қырғи қабақ соғысы» кезінде КСРО-ға қарсы тұру үшін Батыс Еуропаның елдерімен ынтымақтастықта болды.

АҚШ пен Францияның және басқа да басты державаларының «атлантикалық саясатының» немесе «атлантикалық курстарының» мәні коллективті негізде коммунизм қаупіне қарсы тұру болды. АҚШ пен Францияның осы кезеңдегі байланыстары осы және басқа да мәселелер бойынша жақсы қалыпта дамыды. 80-ші жылдардың аяғы батыс блогы үшін стратегиялық маңызды болды. Өйткені дүние жүзілік социалистік лагерь құлап, коммунизм қаупі жойылды.

Біздің курстық жұмысымызда қарастырған кезеңді АҚШ әлемдік гегемонияға шешуші қадам жасаған кезең деп айтуға болады. Бұдан кейін шамамен жарты ғасырдай әлем биполярлық тепе-теңдікте өмір сүріп социалистік мемлекеттер мен капиталистік мемлекеттер жүйелері қырғиқабақ соғыс жылдарында өмір сүрді.

Сыртқы сілтемелер

  1. АҚШ. Қысқаша тарих. – Алматы: “Ғылым”, 1996.
  2. Берге И.В. Историческое недоразумение? «Холодная война» 1917-1990. М., 1996 г.
  3. Бомье Ж. Гитлерден Труменге дейiн. - Алматы, 1952.
  4. Брант В. Воспоминания // Вопросы истории. 1991. Т 1.
  5. Бэшлосс М. Тэлботт С. На самом высшем уровне. Закулисная история окончания «Холодной войны». М., -1994 г.
  6. Бэшлосс М. XX век: основные проблемы и тенденции международных отношении. М., -1992 г.
  7. Борисов Ю.В. Новейшая история Франции. М., -1966 г.
  8. Васютинский В.Н. Президент Французкой Республики Ф.Миттеран. М., 1992.

Оқу-анықтамалық материалдар:

  1. Гренвил Дж. История XX века. М., 1999 г.
  2. Дуглас С. Стивенсон. Америка: халық пен ел. – Алматы: “Ғылым”, 1995.
  3. Ибрашев Ж.У. Политическая концепция Шарль де Голля. А., -1971 г.
  4. Иванян Э.А. Белый дом. Президенты и политика. М., 1979 г.
  5. Иванян Э.А. От Дж. Вашингтона до Дж. Буша. М., 1991 г.
  6. Иванян Э.А. Рональд Рейган. Хроника жизни и времени. М., -1991 г.
  7. Мәшiмбаев С.М. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-1945 жж.).- Алматы, 2003.
  8. Молчанов Н.Н. Генерал де Голль. М., 1998 г.
  9. Нарочницкая Е.А. Франция в блоковой системе Европы 1960-1980-е годы. М., -1983 г.
  10. Фимлитов А.М. Германский вопрос от раскола к объединению. М., 1993 г.
  11. История международных отношении и внешней политики. Часть 3. Под ред. Ж.У.Ибрашева. А., 1998 г.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер