Сумская Валентина Александровна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:45, 2017 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сумская Валентина АлександровнаУкраинада Харьков облысы, Люботине қаласында 1947 жылы дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Мектеп бітіргеннен кейін Омбы политехникалық институтына түсіп, 1970 жылы полиграфиялық өнеркәсіптің инженер-технологы мамандығы бойынша бітірді. Жолдамамен Целиноград қаласындағы №3 облыстық баспаханасына жіберілді. Еңбек жолын бланктер цехының шебері болып бастап, кейін баспа жөніндегі облыстық басқарманың бас инженері болып ауыстырылады.

1972 жылдан Целиноград полиграф-комбинатында офсетті цехтың бастығы, өндіріс бөлімінің инженер-технологы, бастық орынбасары, бастық болып қызмет етті.

2005 жылға дейін «Астана полиграфия» АҚ өндірістік басқармасының бастығы болды.

Жемісті еңбегі үшін бірнеше мәрте грамоталармен, бағалы сыйлықтармен және «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}