Содыр мінез-құлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Содыр мінез-құлық (Үлгі:Lang-fr — ызалы және Үлгі:Lang-la — шабуылдаймын) — басқаларға моральдық немесе физикалық зиян көрсету мақсатымен жасалатын әрекет. Психоаналитикада содыр мінез-құлықта тұнжыраңқы санасыз елігудің көрінуі, необихевиоризмдефрустрацияның салдары, когнитивтік психологияда — субъектінің танымдық сферасында сәйкессіздіктің көрінуі ретінде қарастырады. Содыр мінез-құлық тітіркендіретін объектіге тікелей бағытталған немесе адам қандай да бір себептерге байланысты агрессиясын тітіркендіру көзіне бағыттай алмауы мүмкін. Содыр мінез-құлық қолайсыз сыртқы жағдайларға, адамгершілік тәрбие берудің жеткіліксіздігіне, отбасындағы қарым-қатынасқа, ата-ананың шектен тыс қатаңдығына және т.б. байланысты қалыптасуы мүмкін.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}