Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:14, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы (17 ақпан 1950 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1997), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003).

Қазақ политехникалық институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 1972–79 жылдары Алматы облысы «Казгеофизика» өндірістік геология бірлестігі экспедициясында инженер-геофизик, аға геофизик, бас инженер, бас физик (1992), Қазақстан Республикасы Геология және қоршаған ортаны қорғау министрінің 1-орынбасары, министрі (1993–97), Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі (1997–2001), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының президенті (2002–03), Геология институтының директоры (2002–04). 2006 жылдан «Қазмұнайтеххим» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. «Основные проблемы геологии, размещения полезных ископаемых и развития минерально-сырьевого комплекса Казахстана в условиях реформирования экономики» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғады. Дәукеев 55 ғылым мақала мен 3 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалар:

  1. Минерально-сырьевая база РК на рубеже перехода к рыночной экономике. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1995;
  2. Атлас карт. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1996.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}