Серік Нығметұлы Ахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Серік Нығметұлы Ахметов (25 маусым 1958, Теміртау қаласы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — Қазақстан Республикасының VIII Премьер-Министрі (2012), Қарағанды облысының әкімі (2009-2012).
Мазмұны
Өмірбаяны
1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған.
Білімі
Білімі жоғары. Қарағанды металлургия зауыты жанындағы зауыт -ЖТОО-ын, Ресей Басқару Академиясының аспирантурасын бітірген. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.
Қызмет жолы
Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған;
1976 - 1978 жылдары Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған;
1979-1985 жылдары токарь, комбинаттағы комсомол комитетінде хатшы орынбасары, кейін комитет хатшысы болды;
1985-1986 жылдары Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;
1986-1989 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы;
1989-1990 жылдары Қарағанды партия обкомының жауапты ұйымдастырушысы;
1993-1994 жылдары Карметкомбинаттың маркетинг бюро басшысы, сыртқы экномикалық қатынастар бөлімінің басшысы;
1994-1995 жылдары «Футау» біріккен кәсіпорынның Директоры;
1996-1998 жылдары «Кен Дала» қазақстандық агроөнеркәсіп биржасының Бас директоры;
Ақпан 1998 - наурыз 2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінде Мемлекеттік инспектор;
Наурыз 2001-маусым 2003 жылдары Теміртау қаласының әкімі;
Маусым 2003 - Сәуір 2004 жылдары Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары;
Сәуір 2004 - наурыз 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты жөніндегі Басқарманың Мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі;
Наурыз 2005 - 25 қыркүйек 2006 жылдары «Атамекен» жылпыұлттық кәсіпкерлер мен жұмысберушілер одағының басқарма төрағасы, атқарушы директор;
25 қыркүйек 2006 - 3 наурыз 2009 жыл дары Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі<ref>http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30070175 [С.Н. Ахметовты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 184 ]</ref>;
3 наурыз 2009 - 19 қараша 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары<ref>С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы 2009 жылғы 3 наурыздағы № 754 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы</ref>;
19 қараша 2009 - қаңтар 2012 жылдары Қарағанды облысының әкімі<ref>«С.Н.Ахметовті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 888 Жарлығы</ref>;
Қаңтар 2012 - 24 қыркүйек 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды<ref>Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың С.Н.Ахметовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы</ref>.
2014 жылдың 2 сәуірінде елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады.<ref>http://kaz.gazeta.kz/news/ukimet-basshysy-otstavkagha-ketti-newsID162657.html Үкімет басшысы отставкаға кетті</ref> Үлгі:Start citation«Мемлекет басшысы менің отставкам туралы өтінішімді қабылдады. Өзімнің атынан және Үкіметтің атынан жоғары сенімі үшін Елбасына алғыс білдіргім келеді»Үлгі:End citation
Марапаттары
- «Парасат » орденімен,
- «Құрмет» орденімен,
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдермен марапатталған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>
Отбасы
Жұбайы Любовь Михайловна Ахметова. Ұлы — Данияр (1985), қызы — Жанна (1980).
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>