Серік Жейлітбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:04, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Серік Жейлітбаев - қазақ футболшысы. 1974 жылы 23 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Лақап аты - «Сека». Пас беру мен айып соққыларды орындаудың асқан шебері болып табылады. 14 қаңтарда 2013 жылында қайтыс болды.

Кәсіби мансабы

1992 жылдан, Қазақстан чемпионаты өткізіле бастаған кезден ең жоғары деңгейде өнер көрсеткен С.Жейлітбаев премьер-лигада (Жоғары лига, Суперлига) рекордтық 457 кездесу өткізіп, 61 доп соққан.

Орындалмаған арман

Қазақстан футболының ең дарынды ойыншыларының бірі бола тұра, Серік Жейлітбаев құрама команда сапында жасыл майданға бірде-бір мәрте шығып көрмеген. Жанкүйерлер арманы орындалмай, пас беру мен алыстан соққы бағыттаудың майталманы Серік Қазақстан ұлттық құрамасына сапына алынбай, футболмен қоштасты.

Футболмен қош айтысу

«Sportr&KS» газетіне берген сұхбатында Серіктің ойыншы мансабын аяқтағандығы белгілі болды. Аталған басылым өкілімен болған әңгіме барысында әйгілі футболшы мұндай шешімге денсаулық жағдайына байланысты келгендігін және де болашағын жаттықтырушы қызметімен байланыстырандығына ниетті екендігі айтылады. Дербес Қазақстан тарихындағы ең шебер футболшыларының бірі Серік Жейлітбаев «Востокта» өнер көрсетіп, футболшылық ғұмырын төменгі лигада аяқтады. Оның асқан шебер техникасы мен футболдық ақылдылығы шын мәнісінде толық әрі лайықты бағаланбады.

Алдағы жоспарлары

БАҚ құралдарына берген сұхбаттарында Серік Жейлітбаев алдағы уақытта өзінің бапкер болуға ниеттлігін айтты.

Жетістіктері

  • Үш мәрте Қазақстан чемпионы
  • Қазақстан Кубогының екі мәрте иегері

Өнер көрсеткен клубтары

  • «Қайрат» Алматы
  • «Ертіс» Павлодар
  • «Шахтер» Қарағанды
  • «Жетісу» Талдықорған
  • «Восток» Өскемен
  • «Ниса» Ашхабад, Түркменстан
  • «Курган» Қорған, Ресей

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}