Сергей Иванович Шабельский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сергей Иванович Шабельский (25.3.1885, Украина, Харьков қаласы — 12.6.1956, Алматы) — қазақстандық композитор, дирижер, пианист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1954).

Өмірбаяны

1903 — 06 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде, 1904 — 09 жылы Санкт-Петербург консерваториясында музыкалық теориясы мен композициядан (профессор Н.А. Соколовтың жетекшілігімен) оқыды. 1930 ж. Алматы қаласына қоныс аударып, қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия драма театрының оркестріне дирижерлік етті. 1936 — 42 ж. эстрада оркестрінің (кейіннен Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрада-симфониялық оркестрі) пианисі, 1944 — 49 ж. “Қазақфильм” киностудиясының музыкалық бөлімін басқарды. 1948 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагог қызметпен шұғылданды.

Еңбектері

Шабельский негізінен камералық-аспаптық жанрда еңбек етті. Оның “Қазақ сюитасы”, “Қазақстан” симфониялық поэмасы (Л.Хамидимен бірге), Қазақтың мемлекеттік академиясының халық аспаптары оркестріне арналған (“Алатау”, “Той бастар”), қазақ фольклоры негізінде жазған екі аспаптық квартеті (“Амангелдіні еске түсіру”, “Абай Құнанбаевты еске түсіру”), тағы басқа музыкалық шығармалары бар. Шабельский бұл туындыларында қазақтың ұлттық музыкалық фольклорын орыстың классикалық-симфониялық жетістіктерімен шебер ұштастырған. Сондай-ақ “Түнгі сарын”, “Қара қыпшақ Қобыланды” (1936, 1946), “Ақан сері — Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1942, 1943) спектакльдеріне музыка жазды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}