Сергей Гаврилович Рыбаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:35, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сергей Гаврилович Рыбаков (9.10.1867, Самара қ. – 28.12.1921, Мәскеу қ.) – Ресей этнографы, халық әндерiн жинаушы. Петербург университетiнiң тарих-филология факультетiнде, Петербург консерваториясында бiлiм алған. Петербург География қоғамының мүшесi. 1893 ж. Ресейдiң шығысы мен Едiл бойы аймақтарында жүргiзiлген этнографиялық саяхатқа қатысқан. Рыбаков Қазақстанның Торғай облысында болып, қазақтың ән-күйлерiн (100-ге жуық) және ұлттық музыкалық аспаптарын жинаған. 1897 ж. Рыбаковтың «Торғай облысының қазақтары, олардың әндерi мен музыкалық шығармашылығы», «Орал мұсылмандарының» музыкасы мен әнi» атты еңбектерi жарияланды. Бұл еңбектер түркiлердiң музыка мәдениетi жайында жазылған алғашқы туындылардың бiрi саналады. Соңғы еңбегiнде 204 қазақ және татар әндерi жинақталған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}