Семей кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:44, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Семей кітапханасы - Абай атындағы — 1883 ж. облыстық санақ комитеті үйінде ашылды. Кітапхананың ұйымдастырушылары 19 ғасырдың аяғында жер аударылып келген орыс зиялылары Е.П. Михаэлис, А.Л. Леонтьев, М.С. Филипповтар болды. Олар кітап қорын шетел және орыс ойшылдары мен ақын-жазушыларының еңбектерінен құрады. Кітапхана ашылған сәтте 130 оқырманы, 274 дана кітап қоры болған. 1893 ж. кітапхана бастауыш білім беру қоғамының қамқорлығына өтті. Қазан төңкерісінен кейін кітапхана оқу-ағарту комиссариатының қарамағына өтті. Сол жылдары елден 500-ге тарта кітап жинастырылды, 18 елді мекенге қызмет көрсетілді. 25 жылжымалы кітапхана ұйымдастырылып, 2895 оқырман тартылды. 1959 ж. қала, аудан, ауыл кітапханаларына жалпы басшылық жасайтын іргелі кітапханаға айналды, кітаптар каталогі жасалып, хабарлама-библиогр. бөлім ұйымдастырылды. Сирек басылымдар қорында 4500 дана кітап жинақталды, оның ішінде әйгілі Брокгауз — Эфрон, орыс — француз — неміс (1826), Грек — орыс (1848) сөздіктері болды. Сондай-ақ кітапханада Семей статистика к-тінің 1894 жылдан бергі есептері “Записки Семипалатинского отдела Императорского русского географического общества”, “Ежегодник Семипалатинского округа 1927 — 28” секілді құнды басылымдар бар. Кітапханаға 1992 ж. Абай есімі берілді. Абай кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған. Кітапханада 16000-нан астам оқырманға есептелген оқу залы, абономент, өнер, шетел әдебиеттері секторы, экон. әдебиеттер, мерзімді басылымдар, хабарлама-библиография бөлімдері, т.б. қызмет көрсетеді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Семей кітапханасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}