Сақатов Марат Сәйдешұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға

Сақатов Марат Сәйдешұлы(1947-2000) - өнер қайраткері. Марат Сақатов Өскемен мәдени -ағарту училищесінің оқытушысы, Семей облыстық драма театрының режиссері ретінде де өзін үлкен ұжымдар арасында таныта білді.

Еңбекжолы

1947 жылы 27 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы) Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Боран орта мектебін бітіріп, 1970 жылдарға дейін ішкі істер бөлімінде қызмет еткен. Mектеп жасынан -ақ өнерімен көзге түскен, тума талант Мараттың жолы өнер еді. 1970 жылы келіп, өмірінің ақырына дейін сол жолдан таймай қызмет етті. 1976 жылы Москвадағы Щукин атындағы жоғарғы театр училищесін сырттай бітіріп шықты. 1975-1977 ж. аралығында Марқакөл халықтық драма театрында режиссер болып, сол жылдары сахнаға «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Абай», «Ақан сері -Ақтоқты» т.б. кесек туындыларды шығарды. 1980-1982 жылдары Марқакөл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі бола жүріп, ұйымдастырушылық қырынан да көрінді. Мараттың Марқаның «Тамашасын» қалыптастырып, шыңдалуына да сіңірген еңбегі ерекше. Сатиралық көріністердің сценариін өзі жазып, өзі шебер орындаушы ретінде көрермендерін күлкіге кенелтті.

Дереккөздер

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы.186б

2. http://imena.pushkinlibrary.kz/