Сақабаев Көкей

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Тұлға


Сақабаев Көкей (Көпжасар) (1930 – 1995) -жазушы, журналист.

Көкей (Көпжасар) Сақабаев 1930 жылы 1-ші қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Самар ауданының Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Алматы қаласындағы Қазақ тау-кен институтын бітірді. 1958 жылдың желтоқсан айынан бастап Лениногорск қаласында инженер-кенші қызметін атқара отырып, шығармашылықпен айналысады. Қазақ және орыс тілдерінде жазған. Жергілікті, облыстық, республикалық газеттерде, «Жұлдыз», «Простор» журналдарында жарияланды. Алғашқы әңгімелер жинағы «Өткел аузында» 1964 жылы басылып шықты. «Кенші келбеті», «Көктас» романдары жарыққа шықты. Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың өмірі жайлы көп ізденіс жұмыстарын жүргізіп, мағлұматтар жинады. Оның «Намыс» атты кітабы өзі қайтыс болғаннан соң 2000 жылы жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1995 ж.). Риддер (Лениногорск) қаласында өзі тұрған Гагарин көшесіндегі № 25 үйге ескерткіш тақта орнатылған.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА