Саятшылық кезінде қажетті құрал-жабдықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аяққап

Сонар, салбурында аяз суықтан бүркіттің саусақтарын тоңу мен мұздаудан сақтайтын аң терісінен, жарғақ немесе қырымнан тігілген жабдық. Жезтұяқ, саусаққап (аяққап) болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бұжырына дейін жауып тұратындай ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістеы жасалған Ұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.

Иыққап

Құстың екі иығын басып келген арқа түсында жіппен қосақталып байланған топшысын суықтан қорғайтын жабдық. құстың иығы, топшысы тоңса, нәрегей жаурауық болады, әрі қуаты қайтады. Тіптен «құрт қанат» аталатын ауруға шалдығады. Суық өңірдің кәнігі бүркітшілері иыққапты киізлы болса, бүркітке қарсылық көрсетсе саусақтарын шайнап, жарақаттаудан қорғауға да септігін тигізеді. Көбіне ұядан алынған тәжірибесі аз «қол бал аға» алғашқы жылы кигізеді. Аяққаптың сыртқы тысын суға қатпай, жылылық сақтайтын бұғының иленген жұқа, жұмсақ терісінен немесе жарғақ, қырымдардан, бүркіттің төрт саусағына шақтап пішіп, жиектерін жіппен торлап, ішін қуыстап қалыңдау матамен астарлап тігеді. Оны кейде әр саусаққа жеке-жеке киілетіндей қылып немесе төрт саусаққа біртүтас киіліп, табан бүжырына дейін жауып тұратынд ай қол ғап пішіндес етіп тігеді. Дегенмен, көбіне саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесік шығарып, орта түсынан білегіне дейін өте майда бау өткізеді. Аяққаптың алақаны, табан жағы ашық болады. Ыңғайлы, ықшам тігілген аяққап кигізген құсты аязды күндері жыртқыш аңға қорықпай жіберуге болады. Жыртқыш аңға, айлакер түлкіге бүркіт тұяғын шайнатып немесе суыртып алса оның орнына жезден, күмістен жасалған тұяққап жасап салады. Аушы құстың кемтарлығын толықтыратын оны «жезтұяқ» атайды. Оның қозғалысы табиғи болмағанымен аң ілгенде, бүргенде қысуына, қимыл-әрекетіне көп септігін тигізеді. Кейде місекер шебер, әккі бүркітшілер түсіп қалған тұяқтың орнына өлген бүркіттің тұяғын да салып қояды деген мәлімет бар.

Таңдай ағаш

Бүркітті көп піштактаудан "сақтайтын" құрал. Көп елеусіз ұмыт қалған құрал туралы осы тақырыпты арнайы зерттеген Б.Кәмалашұлы былай жазады: аңға жортқанда құс дауысын естіп «олжа» қашып кетпес үшін бүркіттің аузына салады. Оны құстың тамағы астына, құс тұмсығымен мөлшерімен ағаштан жонып істелген, ұшына «ноқталайтын» бау тағылған қарапайым қалақ тәрізді ағаш. Таңдай ағашты құстың тамағының астына томағаның алқым бауына қыстырып, екінші ұшын ілмек баумен құс тұмсығын ноқталаған тәрізді етіп, тұмылдырықтай кигізіп қояды. Құс мыңқылдай шақырып ақырында ауырсынып қояды. Кейбір құсбегілердің таңдай ағашы ықшам, томағаның, "алқым бауының" астына бармақтай етіп бастырып қояды. Көбіне саятта томағамен бірге жүреді.

Құндақ

Құс сыятындай етіп талдан дөңгеленте иіп жасалған, астына киіз төсеп, құс орайтын тартпа бау тағып жасаған құс "бесігі". Ол құстың қанат шалғыларын зақымданудан, суық, жауын-шашыннан сақтайды. Оыың тұрі бірнешеу: жас талдан астауша пішінінде немесе торлап доғалантып; тақтай ағаштан топсалы етіп; киізден сырып бау тағып істейді. құс саяттан соң шаршап тоңса, ұйықтаса, алысқа алып жүретін жағдай туса, құсты баланы бесікке бөлегендей етіп шүберекке орап, қымтап, сыртынан баумен бос байлап, құндаққа салып қояды.

Қауырсын, тұяқтар

Бүркіт аңды ілгенде алысып, қанат, шалғы қауырсындары сынып қалса оны орнына салады да, жоқтарының орнына қауырсын жалғайды. Оған арнап құстың жазда түлегенде түскен қауырсындарын немесе басқа бүркіт, құмай, тазғара, қарақұс, құбарақтардың қауырсынын жинайды. Бүркіттің қанаты, тұяғы, «құрт ауруға» шалдықса да «құрт қанат», «құрт тұяқ» болғанда қауырсынды және тұяқты жалғап салатын болған деген аңыз тәрізді деректер бар.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}