Саяси тіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Саяси тіл - адамның ойлау, өз ойын жеткізу құралы қызметін атқаратын белгілер жүйесі; саяси ақпаратты қалыптастыру, қызмет істету және жеткізу құралы. Ол екі жолмен: тікелей сөз арқылы (вербалды) және символдар (арнайы белгілер, салт-жоралар) көмегімен беріледі. Сонымен бірге, саяси тіл саяси институттар мен құрылымдардың арнайы, кәсіби тілі және көпшілікке түсінікті бұқарашыл саяси сөйлеу тілі: БАҚ үшін мәліметтер, митингілерде сөйлеу, парламент пікір-таластарында сөйлеу болып бөлінеді.

Саяси тіл ерекшелігі саяси идеялар мен билік тәжірибесін тілдік түрде сөзбен бекіту. Кез келген әлеуметтік және саяси идеалдар, құндылықтар мен ережелер билікке ұмтылушы немесе оған ие топтың тілі ауқымында қалыптасады. Тіл - адамдарға билік еркі мен идеологияны еркінен тыс мойындату. Сөздік пен синтаксисті таңдау - саяси іс-әрекет, ол фактілерді таңдау мен оларды қабылдау тәсілін анықтайды. Саяси тілде билік, элита, бұқара бейнесі көрініс табады. Көбінесе саясаткерлер өткір мәселелерді айналып өтуге тырысады.

Саяси бағдарлар, саяси-идеологиялық мазмұндағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мен тілдік конструкцияларды талдау шынайы саясатты түсіну тәсілі. Саяси тіл тиімділігінің белгісі - ақиқат пен шынайылылықтың қажеттілігі мен жеткіліктілігі, әлеуметтік эмоцияларды қажетті саяси іс-әрекетке айналдыруға мүмкіндік береді.

Тіл - саяси мәдениет элементі, ол белгілі бір ережелерден тұрады: қандай да бір тілдік тыйым салулар (мысалы, ережеге сай келмейтін балағат сөздерді пайдалануға болмайды); нақты экспрессия ережелері (мысалы, оппонентке түкіруге болмайды); көркем шығармадағы бейнелер мен идиоматикалық сөздерді (мақал-мәтелдерді) қолдану. Саяси мәтіндердің сендіру қызметінің мәні зор. Сонымен бірге саяси тіл саяси фактілерді тіркеу мен өзгерту қызметтерін де атқарады. Саяси мәтін - билік пен азаматтар арасындағы байла¬ныс тәсілі. Ол журналистика, публицистика, насихат және саяси ғылым тілін анықтайды. Мәдениетте саяси мәтіндердің көп болуы - билік пен азаматтар арасындағы байланыста ресми емес жағдайдың болмауының белгісі; саясатты бюрократияландыру шарасы.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси тіл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}