Саяси глобалистика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:59, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Merge Саяси глобалистика - жаһандану үрдісінің саяси аспектілерін зерттеу. Саяси глобалистиканың ерекшелігі - бүл ғылым жаһандық мәселелерді тек сипаттаумен шектелмейді, ол ядролық, азық-түліктік, энергетикалық, т.б. жаһандық мәселелерді шешудің саяси құралдары мен әдістерін ұсынады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3</ref>

Саяси глобалистиканың әдіснамалық негізі - жаһандану үрдісін өркениеттің саяси қорытындысының болуы мүмкін нәтижесі ретінде қарастыратын өркениеттік немесе әлеуметтік-мәдени әдістер.

Глобалистика - жалпы адамзаттық өмірлік мәні бар мәселелері туралы ғылыми ілімдердің пәнаралық жүйесі.<ref name=a1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref>

Саяси глобалистиканың міндеті адамзат қарамағындағы болашақ баламасын дайындау және анықтау болып табылады. Өркениеттік тәсіл шеңберінде саяси глобалистика пәні жаһандану үрдісін тарихи динамикада қарастырады. Яғни, түтас өзара байланыстағы әлемнің қалыптасуын өркениеттердің шығармашылық диалогы ретінде қарастыру.

Саяси глобалистиканың ең маңызды мәселелерінің біріне өркениеттер диалогы түжырымын уақыттың жаһандық мәселелеріне жауабы ретінде қалыптастыру жатады.

Осы мәселені шешу саяси глобалистиканың міндеттер шеңберін анықтайды:

  • жаһандық әлемдегі саяси диалогтың құндылық өлшемін анықтаушы әлемдік өркениеттегі негізгі әлеуметтік-мәдени құндылықтарды салыстырмалы талдау;
  • өркениетаралық өзара қарым-қатынастың саяси стратегиясын салыстырмалы талдау;
  • жаһандық әлемдегі униформиз мен гегемонидыққа балама ретінде адамгершілік жаһандық идеясын дайындау;
  • жаңа гуманитарлық бітімгершілік түжырымын әр түрлі өркениеттердің құндылықтарын келістіру үрдісі ретінде негіздеу;
  • жаһандық саяси уақыт пен кеңістік қалыптастыратын жаңа мәселелерді зерттеу;
  • жаһандану үрдісіндегі кейбір ауытқушылықтарды зерттеу;
  • жаһандануға балама жолдарды салыстырмалы талдау.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Саяси глобалистика|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}