Саржан Томанышұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:56, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Саржан Томанышұлы – (1827 жыл – ө.ж.б.) – би, шешен.

Найманның Садыр, Матай елінен шыққан. Әкесі Томаныш кезінде Ташкент шаһарын билеп тұрған айтулы би болған. Ол өз тұсындағы Абылай хан, Әлмәмбет, Төле би, Бұқар жыраумен замандас болып, ел тыныштығы, халық қамы үшін күрескен билер қатарында жүрген. Әсіресе Бұқар жыраумен жиі кездесіп, тұздас-дәмдес болған. Өзі билікке, ел басқару ісіне баулып жүрген әкесі Саржанды Бұқар жырауға теліп, одан ақыл, нақыл, өнеге алуды қалаған. Сондай-ақ, ұлы кісілердің тәрбиесінде ер жеткен Саржан 14-15 жасынан-ақ ақындық өнерге, билікке араласып, артында тәлімдік, тәрбиелік сөздер қалдырған.<ref> Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2010. - 576 б. ISBN 9965-26-096-6 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер