Сангру II қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сангру II қорымы - бұл ежелгі андронов мәдениетінің белгілерін сақтаған жалғыз ескеркіш. Ол Қарағанды облысы Шет ауданы Айшырақ ауылынан 5 километр қашықтықта орналасқан.1958 ж Орталық Қазақстан археология экспедициясының екінші жасағы Сангру II мекенінің обаларын зерттеп шықты. Ол Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Дарат мекенінен 4 км қашықтықта орналасқан және оңтүстіктен солтүстікке қарай гранит соқпақпен шектелген алап.Солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктері батпақталған.Алапта бес оба орналасқан, оның үшеуі тас тізбектерден орнатылған. Бірінші обадан басқа обалар алаптың солтүстік бөлігінде орналасқан. Обадан солтүстік батысқа қарай 100 м қашықтықта бір жинақы топта қола дәуірінің қорымы орналасқан, оның жекелеген дуалдары обаның салынуына дейін жеткен. Сангру II кешенінде төрт дуал үйіндісі және үш үйіндісіз дуал табылған, олар обаның солтүстік- батысындағы құрылымында орналасқан. Ескерткішті қазу нәтижесінде қола дәуріндегі андронов дуалының үстінде ерте көпшелі кезеңдегі жерлеу жағдайы анықталды. Обаны дуалдың үстіне орнату былай жүзеге асты. Дуалдың ішіндегі аса биік емес үйіндіде терең емес шұңқыр қазылды. Сонан соң үстінен тас үйінді салынды. Ал, шығыс жағынан шағын оба орналастырылды. Онда ат және оған қойылған сазды ыдыс жерленген. Сол сияқты олжалар осы жерлеуде анықталды. Жерлеу рәсімі, бірге жерленген керек-жарақ мүлкінің сараптамасы Сангру II қорымының жерлеу уақытының қай кезеңге жататынын аңғару қиын екенін көрсетті. Оның хронологиялық амплитудасы көне нұрын және ерте атасу уақытының арасында белгіленген.

Тағы қараңыз

  1. Марғұлан Ә.Х. и др. «Древняя культура Центрального Казахстана». Алма-Ата, 1966.С.110-134.
  2. Марғұлан Ә.Х. – «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана». Алма-Ата, 1979.С.101-111.

Дереккөздер

http://www.madenimura.kz