Самұрық-Қазына

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:16, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды <ref>"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның ресми сайты, Қор тарихы</ref>. 2010 жылдың 31 желтоқсанына қордың активы 12 815,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 1 741,3 млрд теңгеге өскен <ref>Пояснения и анализ финансовой отчетности АО «Самрук-Қазына» за 2010 ж.</ref>.

Қор қызметінің негізгі міндеттері: компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; компанияларды корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу және ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету болып табылады <ref>«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың Жарғысы</ref>. Қордың ең жоғарғы басқарушы органы - жалғыз үлескер, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады.

Тарихы

Үлгі:Main

Қордың негізгі қызметі ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялардағы және басқа да заңды тұлғалардың меншігіндегі мемлекетке тиесілі үлестерді (пакеттерді) басқару. Қордың жалғыз ғана акционері, яғни иесі бар. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың қызметі ашықтық және тиімділік қағидасының негізінде жүргізіледі. Негізгі бағыт мемлекеттік активтердің бәсекелес нарықтық ортада тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдына қойылған талаптарды орындау мақсатында қор бірнеше сала бойынша басымдықтар анықтады. Олар: мұнай және газ, электр энергетикасы, металлургия, инфрақұрылым және химия өнеркәсібі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Қор 2008 жылы алдында жеке дара ұйым болатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру негізінде пайда болды. Жаңадан құрылған ұйымның капитализациясын өсіру мақсатында Президент мемлекеттік бюджеттен 5 млрд АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан 10 млрд АҚШ долларын бөлуді тапсырды <ref>"Казына" и "Самрук" сливаются в Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына", Интерфакс-Казахстан, Астана. 13 қазан 2008 жыл [1]</ref>.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының аясында бірнеше ұлттық даму инстиуттары құрылған болатын. Мемлекет меншігін тиімді басқару үшін Сингапурлық "Temasek" холдингінің мысалында мемлекеттік холдинг құру идеясы талқыланды <ref>Сингапурский пример, газета Новое поколение</ref>.

2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы» ҰҚ», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» және басқа 14 акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті. Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатын<ref name="kgip.kz">Основные особенности и результаты этапов реформирования собственности, http://www.kgip.kz/aspectOOR.aspx</ref>.

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. "Қазына" қорының негізгі мақсаты "Қазақстанның даму банкі", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры", «Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, "Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы" сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде басқару<ref name="kgip.kz"/>.

2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына орындауға тапсырылды<ref>Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру бойынша «Самұрық-Қазына» қорының қызметі</ref>. Қазіргі уақытта холдингтің келесідей функциялары бар: • Қаржы секторын тұрақтандыру • Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу • Шағын және орта бизнесті қолдау • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту • Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Қордың құрылымы

Директорлар кеңесі

Басқарма мүшелері

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ еншілес және тәуелді компаниялары

«Самұрық-Қазына» холдингіне қырықтан астам ұйым кіреді. Солардың ішіндегі компаниялардың көбісі 1990 жылдары құрылса, басқалары әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты пайда болған. Холдинг 2010 жылдың 4 мамырына қарай келесідей активтерге ие болған[1]:

Компания аты Қор үлесі Активтері (млн) Табыс Таза пайдасы Өз капиталы
1. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ 100% 5 752 400 2 098 943 305 309
2. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ 100% 1 300 467 583 900 65 155
3. «KEGOC» АҚ 100% 180 368 44 408 5 796
4. «Қазақтелеком» АҚ 45.90% 370 562 152 732 34 220
5. «Қазпошта» АҚ 100% 33 197 18 822 281
6. «Эйр Астана» АҚ 51% 49 134 97 470 11 360
7. «Самұрық-Энерго» АҚ 94.01% Example 76 940 10 863
8. «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» 50+1% 697 415 -19
9. «Электр энергиясы ауқымы рыногінің қазақстандық операторы» 100% 168
10. «Аэропорт Павлодар» АҚ 100% 305 455 4
11. «Атырау халықаралық Аэропорты» АҚ 100% 3 976 2 022 214
12. «Ақтөбе» Халықаралық Аэропорты» АҚ 100% 3 035 1 058 - 77
13. «Самурық-Қазына Инвест» ЖШС 100% 518 558 55
14. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС 100% 2 307 327 59
15. «Қазақстан Даму банкі» АҚ 100% 958 611 54 159 2 226
16. «Kazyna Capital Management» АҚ 100% 76 072 2 916 2 242
17. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 100% 218 500 19 712 14 049
18. «Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ (07.08.2009 ж. Сауда және Индустрия министірлігінің басқаруына берілді) 100% 27 111 843 2 656
19. «Экспорттық несие мен инвестицияларды сақтандырудың Мемлекеттік Сақтандыру корпорациясы» АҚ 100% 12 850 1 174 839
20. «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ 100% 25 620 1 158 2 656
21. «Астана Финанс» АҚ 5.52%
22. «Майкайыңалтын» АҚ 25% Example
23. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ 100% 528 537 230 940 59 014
24. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы 84 542 1 359 383
25. «Біріккен химиялық компания» ЖШС 100% 3 790 0 -888
26. [[СК-Фармация|«СК-Фармация» ЖШС 100% 16 693 2 483
27. «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы 100% 2 453 0 -584
28. «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы АҚ Example 24 698 15 423 322
29. «Инвестицияларға ықпалдасудың қазақстандық орталығы» 100%
30. «Стресстік активтер Қоры» АҚ 100% Example
31. «БТА Банк» АҚ 75.1% 1 895 710 164 867 988 035
32. KGF Management 100% Example
33. KGF SLP 100% Example
34. KGF IM 100% Example
35. «Қазақстанның жинақтаушы Халық банкі» АҚ Example Example
36. «Казкоммерцбанк» АҚ 21.26% Example
37. «Темiрбанк» АҚ 79.9% 243 999 29 613 80 863
38. «Альянс Банк» АҚ 67.07% 427 584 48 912 334 434
39. «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ 1.67% Example
40. «Павлодар мұнай-химиялық зауыты» АҚ 42% Example

Назар аударыңыз: Активтер бойынша ақпарат 2008 жылдың аяғына қарай белгілі болған сандар. Сандар мың теңге ретінде көрсетілген. Алайда, "АҚШ доллары" тұрған жерлерде мың теңге емес сандар АҚШ доллары бірлігінде көрсетілген<ref>Еншілес компаниялар</ref>.

Әлемдік қаржы дағдарысы

БТА Банк ісі

Альянс Банк

Әлеуметтік жобалар

Сарапшы клубы

Негізгі мақала: Сарапшы (клуб)

«Сарапшы» клубы – қордың қызметіне қатысты барынша маңызды проблемалар мен әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талқылауға арналған ақпараттық және аналитикалық алаң. Клуб «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Пікірталас клубының шеңберінде белгілі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов арнайы шақырылған саясаткерлермен және ғалымдармен, мемлекеттік аппарат өкілдерімен және сарапшылармен, публицистермен және кәсіпкерлермен пікір алмасады. Шақырылған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейкесті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды пікірталастардың куәсі болып қана қоймай, сонымен бірге талқылауларға қатысатын мамандарға сұрақтар қою мүмкіндігіне ие <ref>http://www.samruk-kazyna.kz/page.php?page_id=4013&lang=2&parent_id=4013</ref>.

Astana Pro Team

Негізгі мақала: Астана (велоклуб)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ "Pro Team Astana" деп аталатын қазақстандық кәсіби велоклубтың негізгі демеушісі. Клуб 2006 жылы "Астана" деп атала бастады. Қор 2008 жылдан бастап бас демеуші болып келеді. Оған дейін клубты қаржылай бірнеше қазақстандық компаниялар тобы қолдаған болатын.

Astana

Негізгі мақала: Астана (автоспорт)

Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ " КАМАЗ Мастерс саласы бойынша Дакар жарысытарында өнер көрсететін қазақстандық Астана командасын Бас демеуші ретінде қолдап келеді.

"Қазақша Уикипедия" жобасы

Негізгі мақала: Қазақша Уикипедия

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ 2011 жылы әлемдік ашық және онлайн "Wikipedia" энциклопедиясының қазақ тіліндегі тармағын дамыту идеясын бастаған болатын. Бұл мақсатта қазақ тілді Уикипедияшылардың ниетімен құрылған "WikiBilim" қоғамдық қорына демеушілік көрсететіндігін хабарлады. Жоба аясында өтетін бәйгенің жеңімпаздарына, 100 мақала жазған 100 авторға "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ ноутбуктер тапсырады.

2011 жылдың 16 маусымында Алматы қаласында "Қазақша Википедиа" жобасының басталғандығы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті. Сол жолы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Басқарма төрағасы Тимур Құлыбаев қазақ тілді Уикипедияшыларға және тіл жанашырларына арнап хат жолдады. Тимур Құлыбаев хатында былай дейді:

Ешқандай шекараны мойындамайтын интернет жүйесінде бір ғана егемендікке мүмкіндік бар, ол – тілдік егемендік. Әлемдік жүйеде қазақ тілінің ауқымды орын иеленуі – тілді дамыту мен сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Біз Қазақша Уикипедия қазақ тілі мен мәдениетін қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын толықтырады деп санаймыз. Сөз жоқ, ол халықтың білім қорын толықтыруға қомақты үлес қосады, қоғамды ақпараттандырудың тиімді құралына айналады<ref>"WikiBilim" қоғамдық қорының сайты, http://wikibilim.kz/</ref>

Инновациялық Қазақстан

Негізгі мақала: Инновациялық Қазақстан

2011 жылы қор инновациялық идеялар байқауын бастады. Байқауға негізінен 15-30 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер қатыса алады. Өтініштер 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында қабылданады. Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын мемлекеттік органдар, ірі оқу орындары, ұлттық компаниялардың басшылары мен ғалымдардан құралған әділқазы алқасы анықтайды. Іріктеу қорытындысы бойынша 10 жүлдегер бағалы сыйлықтармен, ал қос номинация бойынша 2 жеңімпаз 5 млн. теңге соммасындағы оқу грантымен марапатталады. Грант шетелдегі оқу орнында білім алуға, шетелдік компанияларда тағылымдама өтуге ғана қолданылады <ref>"Алтын Орда" газеті, “Самұрық-Қазына” үздік идея иесіне 5 млн. теңге бермек, 13 қыркүйек 2011 жыл [2]</ref>.

Дереккөздер

<references/>