Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:35, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Айтбаев.jpg
Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев

Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев (15 ақпан 1938, Қызылорда29 қыркүйек 1994, Алматы) – кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1988).


Шығармашылығы

Айтбаевтың алғашқы кескіндемелік шығармаларынан шығыс миниатюрасының әсері байқалады. Ұлттық салт-дәстүр рухымен іштей үйлесім тапқан:

  • «Шопандар демалысы» (1962)
  • «Бақыт» (1966)
  • «Жас қазақтар» (1968)
  • «Қонақ келді» (1969) картиналары қазақтың бейнелеу өнеріне соны сипат әкелді.
  • «Ә.Әлімжанов» (1970)
  • «Ана» (1973)
  • «Әке»
  • «Шопан» (екеуі де 1974)
  • «Абай» (1994) портреттерін салды.

Марапаттары

  • 1966 ж. оған «Менің Отаным» атты суреттер топтамасы үшін Қазақстан Республикасының Ленин комсомолы сыйлығы берілді.

Айтбаевтың кескіндемелік және график. туындылары ҚР-ның Мемлекет бейнелеу өнері мұражайында сақтаулы.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті