Сайым Балуанұлы Балмұқанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:24, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Infobox Biography Сайым Балмұқанов Балуанұлы (20.9.1923 жылы туған, Ақтөбе облысы Темір ауданы Қалмаққырған ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1959), профессор (1961), Қазақстан ғылым академиясының академиясы (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Алматы медицина институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік медицина университетін) бітірген (1943). 1946—1953 жылы Хирургия институтының аспиранты, ғылым қызметкері, бөлім меңгерушісі, 1953—1960 жылы Алматы медицина институтында рентгенолгия және радиология кафедрасының меңгерушісі, 1960 —1962 жылы Өлкелік патол. ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, 1962—1995 жылы Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында директордың орынбасары, директоры (1969 — 1974), лаборатория меңгерушісі болды. 1996 жылдан осы институттың құрметті директоры. Балмұқановтың негізгі ғылыми еңбектері онкология және радиология, сәулемен емдеу мәселелеріне арналған. Балмұқанов қатерлі ісікті анықтау, одан сақтану әдістерін жетілдіру, уытты ісіктерді хирургиялық жолмен және жаңадан шыққан радиомодификаторларды пайдаланып, сәулемен емдеу әдістерін тапты. Осының нәтижесінде әйелдер кеудесіндегі қатерлі ісік ауруынан айығып кету көрсеткіші, басқа органдарға түскен қатерлі ісіктің айығып кету көрсеткішіне қарағанда 1,5 есе жоғары болады. Ол республикада клиникалық онкология және радиологияның жаңа бағыттарын қалыптастырып, оларды одан әрі дамытты. Балмұқанов 1954—1960 жылдары Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың жергілікті тұрғындар денсаулығына әсерін зерттеуге қатысты. Бірақ бұл мәліметтер 1990 жылдан кейін ғана жарық көре бастады. Ол — дүние жүзі дәрігерлерінің “Ядролық соғысты болдырмау” халықаралық қозғалысының қазақстандық ассоциациясының төрағасы. Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауреаты (Жапония, 1997), 2 мәрте Ленин орденімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалары

  • Мегавольттік сәулемен емдеу, А., 1963;
  • Природные фенолы — перспективный класс противоопухолевых и радиопотенцирующих соединений, М., 1975;
  • Злокачественные опухоли костей. Вопросы теории и прогнозирования, А.-А., 1984;
  • Ядерный полигон моими глазами, А., 1998;
  • The radіatіon sіtuatіon and Populatіon health status іn some towns of Semіpalatіnsk Provіnce (телавтор), Washіngton, USA, 1999.

Сыртқы сілтемелер

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}