Садық Кәрімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:35, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Садық Кәрімбаев (28 ақпан, 1918, Павлодар облысы Баянауыл ауданы4 шілде 1975, Алматы) –сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1947).

Өмірбаяны

Бала күнінде шешекпен ауырып екі көзінен айырылған.

Шығармашылығы

Жасынан ән салып, сырнай тартады. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, әсіресе, өзі туып өскен өлкенің Майра, Естай, Жарылғапберлі сияқты әнші-ақындарының шығармашылығын жетік біліп, солардан ғибрат алады, өзі де ән шығарады. Әндерінің тақырыбы сан алуан. Туған жердің табиғат сұлулығына (“Жетісу”, “Кешкі Алматы”, “Жаңаарқа”), еңбек адамдарының ерлік істеріне (“Тракторшы қарындас”, “Сауыншы жеңгей”, “Жылқышы қыз”, “Шаттанамын еңбектің ерлеріне”, “Қызылшашылар маршы”), Отан қорғау тақырыбына (“Жорық”, “Аттаныс”) арнаған туындылары бар. Халық арасына кең тараған әндерінің негізгі бір саласы – лирикалық әндер (“Сағындырған сәулем-ай”, “Күтем сені”, “Сүйген сәулем Ақерке”, “Ақ тотым”, “Ақтамақ”, “Айлы түнде”, тағы басқа). Сондай-ақ, вальс жанрының (“Жамбыл жастарының вальсі”, “Қапшағай вальсі”) дамуына да үлес қосты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті