Родонит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:01, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Родонит<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> (грекше rhodon — раушан) — силикаттар класының минералы.

  • Химиялық формуласы: (Мn,Са)SiO3
  • құрамындағы: MnO — 30 — 46%, CaO — 4 — 6,5%, SіO2 — 45 — 48%, ZnO қоспалары 12%-ға дейін жетеді.
  • Жаратылысы метаморфтық, триклиндік сингонияда кристалданады.
  • Кристалдары кесте типтес немесе созылыңқы тығыз түйіршік массалар, сирек кездеседі. Кристалдық құрылымына [SіO4] буынының бес мүшелі тізбегі тән.
  • Түсі қызыл, алқызыл, қызыл-күрең, қоңыр-қызғылт, жымдастығы жетілген. Қаттылығы 5,5 — 6, тығыздығы 3,4 — 3,75 г/см3; морт, шыныша жылтырайды.
  • Родонит әшекей тас ретінде және құрылыста қаптама тас есебінде қолданылады. Қазақстанның Оңтүстік (Жетісу Алатауы, Балқаш маңы), Шығыс (Риддер ауданы) аймақтарында кездеседі.

<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 - том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Марганец минералдарыҮлгі:Geology-stub