Рефлектор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:11, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Рефлектор (латынша reflecto — кейін айналдырамын, шағылыстыру) — жарық сәулелерінің шағылу құбылысына негізделген телескоп. Рефлекторда аспан шырақтарының (Күн, жұлдыз, т.б.) кескіні ойыс айна арқылы алынып, телескоп окуляры арқылы бақыланады, суретке түсіріледі не спектрограф, фотометр, т.б. жабдықтардың көмегімен зерттеледі. Рефлектор негізінен астрофизикалық зерттеулер жүргізу үшін қолданылады. Парабола немесе сфера тәрізді ойыс айна (бас айна) мен окуляр рефлектордың негізгі бөлігі болып есептеледі. Әдетте, рефлектор параллакстық қондырғыға орнатылады.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}