Радиогендік газдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Радиогендік газдар. Үш топшаға жіктелетін табиғи газдар тобы: 1) радиоактивті элементтердің, негізінен алғанда радийдің, уранның, торийдің өздігінен ыдырауы нәтижесінде қалыптасатын газдар; бұл топшаның ең басты өнімі гелий болып табылады. Радиоактивті К40 изотобының геологиялық уақыт аралығында ыдырау өнімі болып табылатын Аг40 изотобы да осы категорияға жатады; 2) суға, минералдарға, таужыныстардағы органикалық заттарға радиоактивті сәулелердің тигізген әсері нәтижесінде қалыптасатын газдар; мұның нәтижесінде сутек, оттек, көміртек тотығы, көмір қышқылы, газ түріңдегі және сұйық көмірсутектер түзіледі; 3) ядролық реакциялар нәтижесіңде қалыптасатын газдар.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}