РК(б)П Мұсылмандар Ұйымының Орталық Бюросы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:12, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

РК(б)П Мұсылмандар ұйымының орталық бюросыКСРО құрамындағы мұсылман елдердің коммунистік ұйымдарын бір орталыққа ұйымдастырған мекеме. Ақпан революциясынан кейін 1917 ж. сәуірде М.Вахитов, М.Х. Сұлтан-Ғалиев, И.К. Фирдевтің басшылығымен татар-башқұрттардың мұсылман социалистік комитеттері құрылды. Осының негізінде 1918 ж. маусымда Ресей мұсылмандарының коммунистік партиясы (МКП) ұйымдастырылды. Бірақ жеке құрылған МКП-ның күш алуынан сескенген РК(б)П басшылығы 1918 ж. 4 — 12 қараша аралығында Мәскеуде мұсылман коммунистерінің 1-съезін өткізіп (кейін ол Шығыс халықтарының 1-Бүкілресейлік съезі аталды, бұл съезге қазақ халқының өкілдері қатысқан жоқ), МКП-ны таратылды деп жариялады. Оның ұйымдары РК(б)П-ның жергілікті секциялары мен бюролары деп аталатын болды. Бұлардың қызметін үйлестіріп, басқару үшін РК(б)П Мұсылмандар ұйымының орталық бюросы құрылды. Бюроға РК(б)П Орталық Комитетінің бөлімі құқы берілді. Орталық бюроның татар, башқұрт, қазақ, Әзірбайжан, т.б. секциялары коммунистік идеологияны насихаттады, татар тілінде “Ішчі” (“Жұмысшы”) газетін шығарды. 1919 ж. наурызда мекеме Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының Орт. бюросы болып өзгертілді. Шығыс халқы коммунистерінің 2-Бүкілресейлік сьезін өткізді (1919 ж. қараша). Коминтернмен бірге Шығыс халықтарының 1-съезін (Баку, 1920 ж., 1 — 8 қыркүйек) ұйымдастырды. 1920 ж. қарашада Орталық бюро РК(б)П Орталық Комитетінің үгіт-насихат бөліміне бағындырылды. РК(б)П ОК шақырған Шығыс халықтарының коммунистік ұйымдарының бүкілресейлік кеңесі (1921 ж. қаңтар) Орталық бюроны таратып, оның қызметін РК(б)П ОК-нің үгіт-насихат бөлімі жанында құрылған РКФСР-дің түркі халықтары арасындағы үгіт және насихаттың Орталық бюросына жүктеді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:РК(б)П Мұсылмандар Ұйымының Орталық Бюросы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}