Психодинамика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Психодинамика (психо... және Үлгі:Lang-el — күш) — қарама-қарсы бағыттағы мотивациялық ықпалдан туындайтын ойлану, сезіну, мінез-құлық құбылыстарын түсіндіретін психикалық талдаулық теорияның маңызды саласы. Негізінде, психодинамика әртүрлі қоздырғыштардың өзара ықпалын зерттеуге, психикалық процестің мәнісін айқындауға, психикалық қызметтің процесті, жағымды және регресті, жағымсыз өзгерістерін айқындайды. Психодинамика қағидасы психикалық аппараттың үштік құрылымдылық тұжырымдамасына сүйенеді: "Ол нәрсе"— инстинктілік құмарлылықтың аясы, "Мен" — тоқтау салатын мүше, "Жоғарғы Мен — ар мен ойлану ықпалының аясы. Дегенмен, әрбір психикалық құбылыста психикалық аппараттың осы үш бірдей ерекшелігі бір-біріне тоғысып жатады. "Ол нәрсе" және "Менің" бір-біріне үйлеспей, қайшы келуі адамды ішкі қайшылыққа ұшыратады да, оны ойланбай шешпек әрекеттер санада жүйкенің жұқарып тозуын қоздыра түседі. Үшқалақ шыдамсыздыққа ішкі факторлармен қатар тұқым қуалайтын ауытқушылық пен сыртқы әсерлер де ықпал етеді. Шиеленістің дәрежесі мен оны шешетін мүмкіншілік іштей тоқыраудың, күйзелістің деңгейін анықтауға жол ашады. Дегенмен, психодинамикалық талдауға генетикалық және эволюциялық көзқарастардың өзінше ықпал ететіні де анықталды.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}